РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң ережесiне сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Кентау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | М.Кунпеисов |
Қалалық мәслихат хатшысы | К.Сырлыбаев |
Кентау қалалық мәслихатының 02 мамыр 2012 жылғы № 29 шешімімен бекітілген |
Кентау қаласында тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері және тәртібі
Осы Тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері және тәртібі Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына, 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 "Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы" Бұйрығына сәйкес әзiрленген.Тұрғын үй көмегiн тағайындау және төлеу халықты әлеуметтiк қорғаудың бiр түрi болып табылады.
1. Жалпы ережелер
1. Тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері және тәртібінде мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:1) коммуналдық қызметтер – тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) көрсетілетін және сумен жабдықтауды, кәрізді, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқысты әкету қызметін көрсетуді қамтитын қызметтер;
2) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
3) шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
4) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін көрсететін "Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 11.12.2013 № 130 шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 11.12.2013 № 130 шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Осы тұрғын үй көмегiн көрсетудің мөлшері және тәртібімен белгiленген нормалардан асатын коммуналдық қызметтердiң үстеме төлемiн азаматтар жалпы негiзде жүргiзедi.
5. Он сегiз жасқа дейiнгi ата-анасынан бөлек тұратын балалары ата-анасының отбасында есепке алынады. Егер ата-анасы ата-аналық құқығынан айырылса, балалар қамқоршының (асыраушылар) отбасында есептеледi.
6. Тұрғын үй көмегi ұсынған жұмысқа орналастырудан, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа, кәсiптiк даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыруға жолдаудан, өз еркiмен қоғамдық жұмысқа қатысудан дәлелсiз себеппен бас тартқан жұмыссыздарға тағайындалмайды.
Тұрғын үй көмегi жұмыссызға жұмысқа орналасқаннан бастап, оның iшiнде әлеуметтiк жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа, кәсiптiк даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыруға жолданғаннан бастап қалпына келтiрiледi.
7. Мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ І және ІІ топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, үш жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға тұрғын үй көмегi тағайындалмайды.
2. Тұрғын үй көмегiн көрсету тәртiбi
8. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;
7) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
9) алып тасталды - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 11.12.2013 № 130 шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 8-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2012.12.04 № 67 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгiзiледi); 11.12.2013 № 130 шешімімен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.12.2013 № 134 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).
9. Тұрғын үй көмегi өтініш берілген айдан бастап ағымдағы тоқсанның соңы мерзіміне дейін тағайындалады.
10. Тұрғын үй көмегiн тағайындағанға дейiнгi коммуналдық қызметтер бойынша берешектер есепке алынбайды.
11. Тұрғын үй көмегiн алушылар тұрғын үй көмегiн алу құқығына немесе оның мөлшерiне әсер ететiн, оның iшiнде тұрғын үй меншiк нысанының, отбасы құрамының және оның жиынтық табысының өзгеруi, ал жұмыссыздар – мәртебесiнiң өзгеруi туралы кез келген жағдайлар жөнiнде уәкілетті органға он күндiк мерзiмде хабарлайды.
12. Уәкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде, ал егер ақпаратты өзге субъектiлерден, лауазымды тұлғалардан алу қажет болған жағдайда күнтiзбелiк отыз күн iшiнде тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнiнде шешiм қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 25.07.2014 № 183 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).
13. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау қажеттiлiгi туындаған жағдайда уәкілетті орган өтiнiш иесiнiң материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргiзуге құқығы бар.
14. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға толық әрі дұрыс мәліметтер беруі тиіс.
15. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындалуына апарып соқтырған толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда, төлем тоқтатылады. Артық төленген сомалар өз еркімен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
16. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үй (пәтері) бар тұлғалар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
3. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін анықтау
17. Тұрғын үй көмегiн көрсетуде уәкілетті орган төмендегі нормаларды есепке алады:1) тұрғын үй көмегiн тағайындағанда өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй алаңының нормасына Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасымен белгiленген әр отбасы мүшесiне 18 шаршы метрден, бірақ тұрғын үйдің пайдалы алаңының жалпы көлемінен аспайтын норма қабылданады. Жалғыз басты адамдар үшiн 30 шаршы метр; бiрақ тұрғын үйдің жалпы көлемінен аспайтын норма қабылданады;
2) электр қуатының, суық судың, кәріздің, ыстық судың, газдың, жылудың және қоқысты әкетудің нормалары қызмет көрсетушімен немесе тарифті белгілейтін органмен бекітіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынудың шығындары, коммуналдық қызметті тұтынудың белгіленген нормативтерінен артық емес, алдыңғы тоқсанға нақты шығындары бойынша есептеуге алынады;
3) қызмет көрсетушілердің шоттарын ұсынған жағдайда (түбіртектер, анықтамалар) нақты шығынмен газ баллонды тұрмыстық қажеттілікке тұтыну нормасы бір айда 5 килограмм - бір адамға, бір айда 20 килограмм - отбасында төрт және одан да көп адам болған жағдайда;
4) қатты отынды тұтынудың нақты шығыны қызмет ұсынушы мекемелердің шотын (түбіртек, жүкталап, счет-фактура) ұсынған жағдайда әлеуметтік шығын нормалары қатты отын (көмір) бір айда бір үйге 1000 килограмм есебінен артық емес мөлшерінде белгіленеді. Жылумен қамту мерзімі–5 ай. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде сол уақытта Кентау қаласындағы статистика басқармасы немесе қызмет көрсететін мекеменің мәліметтері бойынша қатты отынның бағасы белгіленеді.
Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 20.12.2013 № 134 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).
4. Тұрғын үй көмегiн қаржыландыру және төлеу
18. Тұрғын үй көмегiн төлеудi қаржыландыру қала бюджетiнде тиiстi қаржылық жылға қарастырылған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.19. Тұрғын үй көмегi аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) жеке шоттарына екiншi деңгейдегі банктердiң бөлiмшелерi және пошта арқылы аудару жолымен жүргiзiледi.