Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 11.09.2014 № 22 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сайрам аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 01-04/65 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарабұлақ ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Карабұлақ ауыл округі Х.Жанақорған көшесінде тұратын азамат З.Абдуллаевтың иті құтыру ауруымен ауруына байланысты Х.Жанақорған көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қарабұлақ ауыл округінің әкімі З.Ибрагимов