Сайрам ауданы Қарабұлақ ауыл округі Х.Жанақорған көшесінде шектеу іс - шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 10 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 мамырда № 2670 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі № 22 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 11.09.2014 № 22 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сайрам аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 01-04/65 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Қарабұлақ ауыл округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Карабұлақ ауыл округі Х.Жанақорған көшесінде тұратын азамат З.Абдуллаевтың иті құтыру ауруымен ауруына байланысты Х.Жанақорған көшесіне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Қарабұлақ ауыл округінің әкімі             З.Ибрагимов  


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады