РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкімдігінің 02.03.2015 № 96 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Таскуловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Парманов |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 271 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |
16722 | 12902 | 3820 |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 271 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | ||
Балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық | Инклюзивті білім беруді іске асыратын мектепке дейінгі ұйым |
18375,0 | 12122,4 | 45727,0 |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 271 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы | Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бір баланың тамағына шығын теңге (көп емес) |
337,35 | 7084,35 |
Ескертпе: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын 21 күнге есептелген.