РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 маусымдағы № 707 қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының күзет аймағын кеңейту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 21 мамырдағы № 480 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2532, 2010 жылғы 7 маусымдағы № 70 (16386) «Дидар», 2010 жылғы 8 маусымдағы № 72 (18901) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалпы ауданы 256494 га аумақта (Бесқарағай ауданы – 203563 га, Бородулиха ауданы – 38242 га, Семей қаласы – 14689 га) «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының күзет аймағы кеңейтілсін.».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы Е. Көшербаев