Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2024 № 825 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңына сәйкес және Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Шығыс Қазақстан облыстық және Семей қалалық мәслихаттары мақұлдаған Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының бас жоспарының жобасы бекітілсін.
2. "Семей қаласының бас жоспарын, оның қала маңындағы аймағын жоспарлау жобасын және олардың негізгі ережелерін бекіту туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1971 жылғы 28 мамырдағы № 303 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 25 маусымдағы № 707 қаулысымен бекiтiлген |
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының бас жоспары
Негізгі мақсаттары
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының бас жоспарын (бұдан әрі – Бас жоспар) әзірлеудің негізгі мақсаты қаланы аумақтық дамытудың және оның сәулеттік-жоспарлау құрылымын қалыптастырудың; аумақтарды функционалдық-қала құрылысы аймақтарына бөлудің; қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру жөніндегі қағидатты шешімдерді және жалпықалалық маңызы бар объектілерді орналастырудың; көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастырудың; инженерлік инфрақұрылымды, аумақты инженерлік қорғауды дамытудың; экологиялық ахуалды жақсартудың ұзақ мерзімді перспективаларын; қаланың экологиялық ахуалын жақсарту жөніндегі қала құрылыстық іс-шараларды айқындау болып табылады.
Қаланың Бас жоспарының жобасында мынадай жобалау кезеңдері қабылданды:
бастапқы жыл – 2010 жылғы 1 қаңтарға;
есепті мерзім – 2025 жыл;
құрылыстың бірінші кезегі – 2015 жыл.
1. Аумақты сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыру
Семей қаласының бас жоспарында:
есепті мерзімге қала тұрғындары санының 400 мың адамға дейін өсуі;
тұрғын үй қорымен орташа қамтылуды адам басына шаққанда 25 шаршы метрге дейін жеткізіп, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту;
күрделі және жоспарлы-алдын ала жөндеудің барлық түрін жүргізу, оның ішінде көне тұрғын үй қорын, оның техникалық жай-күйін, моральдық тозу дәрежесін және тарихи-мәдени құндылығын ескере отырып қалпына келтіру;
барлық қызмет көрсету түрлерімен қамтамасыз етілу деңгейін нормативтерге дейін жеткізіп, қаланың мәдени-тұрмыстық жүйесін дамыту;
өнеркәсіптік кәсіпорындардан барынша қашық, экологиялық жай-күйі бойынша неғұрлым қолайлы аумақтарда жаңа тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру;
табиғи ландшафт аймақтарын негіздеп енгізіп, перспективалы жоспарлау құрылымын қалыптастыру;
көп қабатты қоршалған және мекен құрылысы кіретін құрылысты аймақтарға бөлуді жүзеге асыру;
емдеу-сауықтыру және рекреациялық мекемелер желісін кеңейту және оларды неғұрлым қолайлы санитарлық-гигиеналық жағдайлары бар аумақтарға орналастыру;
экологиялық ортаны жақсартуға ықпал ететін көгалдандыру жүйесін ұйымдастыру;
тарих, мәдениет және сәулет ескерткіштерін сақтау;
табиғатты қорғау және қоршаған ортаны сауықтыру бойынша іс-шараларды жүргізу, өнеркәсіп кәсіпорындарының шекті рұқсат етілген шығарылымдарын кәсіпорындарды жаңа технологияларды қолданып қайта жаңарту, жаңғырту жолымен Семей қаласы мен іргелес елді мекендер ауа бассейнінің қолайлы жағдайын қамтамасыз ететін нормативтік деңгейге дейін төмендету көзделеді.
Келешекті жоспарлау құрылымы қолданыстағы Бас жоспардың негізгі ұсыныстарын сақтайды.
Жоспарлау жағынан қала аумағын ұйымдастырудың радиалдық-шеңберлі құрылымы қабылданды.
Бас жоспарда қаланың перспективалы шекарасының шегінде үш шеңбер құру ұсынылды. Селитебті құрылысты айналып, қаланың сыртқы бөлігінен өтетін үлкен сыртқы шеңбер транзиттік жүк автокөлігінің қозғалысына арналған. Орта шеңбер жаңа тұрғын аудандарды және әуежай бағытындағы шыға беріспен қаланың өнеркәсіп аудандарын қосады. Кіші шеңбер көлік қозғалысын жеңілдету үшін қаланың орталық түйінінде айнала қалыптасады.
Қаланың тарихи орталығы перспективада өз маңызын сақтап қалады.
Қала жобалық кезеңде шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс бағыттарға қарай аумақтық дамиды.
Бас жоспарда қала аумағындағы келесі функционалдық аймақтар бөлінді:
жоспарлық 6 тұрғын ауданнан тұратын қоныстану аймағы: оң жағалау бөлігінде 3 аудан (орталық, солтүстік, шығыс), сол жағалау бөлігінде 3 аудан (батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс);
өнеркәсіптік аймаққа солтүстік, батыс, оңтүстік өнеркәсіптік аймақтар және коммуналды-қоймалық аймақтар кіреді. Жаңа өнеркәсіптік және коммуналды-қоймалық кәсіпорындарды аумақтағы қолданыстағы өнеркәсіптік тораптар (солтүстік, батыс, оңтүстік) аумағында орналастыру ұсынылады;
санитарлық-қорғау аймақтары – өнеркәсіптік және селитебті аймақ арасындағы жасыл желекті қорғау аумақтары;
Ертіс өзенінің алабында орналасқан рекреациялық аймақ Ертіс өзенінің алабында жобалау шекараларындағы аумақты қамтиды. Рекреациялық аймақта, қала аудандарының шегінде гидротехникалық қорғау құрылымдарын салу, қазіргі көпірлерді қайта жаңғырту, қаланың тарихи орталығында қалалықтар, қонақтар мен туристер үшін демалыс аймақтарын құру көзделген;
көше және жол аумақтары – қаланың жалпы қалалық және аудандық магистральдары, негізгі қалалық жаяу жүргіншілерге арналған кіші жолдар мен бульварлар бойынша қызыл желілер шекараларындағы телімдер, көлік құрылғылары объектілерінің аумақтары, теміржол аумақтары;
ерекше мақсаттағы аумақтар – әскери ведомстволардың, әскери бөлімшелердің арнайы аумақтары;
резервтік аумақтар – қаланың перспективалық даму аумақтары муниципалдық жер болып табылады және қаланың селитебті аймағын дамытуға пайдаланылады. Бас жоспарда есепті мерзімде селитебтік, өндірістік және коммуналды-қоймалық аумақтарды орналастыру үшін резервті алаңдар берілген.
"Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңға бас жоспарда жерлерді басым түрде иеліктен айыру және сатып алу аймақтары айқындалған.
Қаланың жобалау шекараларындағы ауданы есепті мерзімнің соңында 9652 гектарға ұлғаяды.
Басым түрде иеліктен айыру аймағындағы ауыл шаруашылығы жерлерін алып қою Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес аумақтың кезең-кезеңімен қала құрылысына игерілуіне қарай жүзеге асырылатын болады.
Бас жоспармен құрылысты аймақтарға бөлу жаңа тұрғын үй саясатына сәйкес қабылданды: 33,0% - усадьбалық типтегі үйлер, 13,8% - екі-үш қабатты құрсауланған үйлер, 53,2 % - көп пәтерлі көп қабатты үйлер (8 және одан көп қабаттар).
Қала шекарасындағы қолданыстағы аумақ 24,0 мың гектарды құрайды. Қала аумағының құрылыс салынған бөлігі – 9,1 мың гектар.
2. Қала құрылысын дамытудың экономикалық алғышарттары
Перспективада Семей қаласы ірі өндірістік экспортқа бағдарланған, ғылыми және инновациялық орталық, жоғары дамыған қонақ үйлері, мейрамханалары және өңіраралық ауыл шаруашылығы, металлургия өнімдері, жеңіл және тамақ өнеркәсібі тауарларының көрмелерін жүргізуге арналған көрмелік кешендері бар өңіраралық бизнес пен халықаралық іскерлік қатынас орталығы ретінде қаралады.
Индустриялық-инновациялық саясатты іске асыру жаңа технологияларды игеру арқылы экономиканың барлық саласын кешенді дамытуды, халықаралық сапа стандарттарына көшуді және жаңа сауда нарығына шығуды болжайды.
Семей қаласының экономикасын дамыту, оның бәсекеге қабілетті шектерін нығайту үшін, Бас жоспар бұрыннан бар ірі және орта өндірістік кәсіпорындардың негізінде бірқатар кластерлік өндірістерді құруды көздейді.
Кластерлерді құрудағы неғұрлым әзірленген бағыттар болып ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу табылады:
"Ардагер" аграрлық фирмасы негізіндегі астық өңдеу кластері;
"Семей ет комбинаты", "Валеас" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер негізіндегі ет кластері, тері өңдеу бойынша – "Семей тері зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
"КазРуно" акционерлік қоғам негізіндегі тоқыма кластері.
Бас жоспар келешекте "Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамы және "КАМАЗ-Семей" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізінде машина жасаудағы өндірістік кластерлік тізбегін қалыптастыруды қарастырады.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін аумақтық даму стратегиясына сәйкес, Семей қаласы маңызды көлік торабы, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары кіретін экономикалық макроөңірдің аумақтық-шаруашылық жүйесінің ірі экономикалық өсіңкі дамып келе жатқан орталық ретінде, жалпы ұлттық деңгейдегі көшбасшысы – негізгі қала болып белгіленген.
Өңірдің сервистік орталығы ретінде Семей өзін былайша көрсете алады:
Орталық Азия нарығына бағытталған ірі сауда-логистикалық торап құруға мүмкіндік беретін және өңірдің өз өнімін сату үшін әлемдік тауар өндірушілерге ұтымды жағдайлар жасайтын өңірдің үлестірме орталығы;
Еуропа мен Азия арасында жүк және жолаушылар тасуға, барлық Орталық Азия өңірінің клиенттеріне қызмет көрсетуге бағытталған көліктік-логистикалық торап қалыптастыруға арналған көліктік-логистикалық орталық;
жақын орналасқан өңірлерге қызмет көрсету мақсатымен халықаралық класстағы қаржылық қызмет көрсетуге бағытталған өңірлік қаржы орталығы;
ақпараттық және мультимедиалық қызметтер көрсетуге бағытталған ақпараттық-коммуникациялық орталық;
Ұлы Жібек жолындағы бай тарихы мен мәдениеті бар туристік орталық;
өңір жастарына оқу ақысы қол жетімді деңгейдегі батыс стандарттарына сәйкес сапалы білім беруге бағытталған білім беру орталығы;
өңір азаматтарына жоғары білікті мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге және медицина кадрларын оқыту мен біліктіліктерін жоғарлатуды жүзеге асыруға бағытталған медициналық орталық.
2010 жылдың 1 қаңтарына қалалық әкімшіліктің тұрғындар саны 310,6 мың адам құрады, соның ішінде Семей қаласында 281,5 мың адам тұрған.
Барлық әлеуметтік-экономикалық қызмет саласындағы экономикалық белсенді тұрғындарды оңтайлы пайдалану есебінен халық саны белгіленді, әлеуметтік-экономикалық қызмет саласында жұмыс істейтіндер саны:
2015 жылға бірінші кезекке – 330,0 мың адамды;
2025 жылға есеп беру мерзіміне – 400,0 мың адамды құрайды.
3. Әлеуметтік инфрақұрылым
Тұрғын үй құрылысына қажеттілік есеп беру мерзімінде адам басына шаққанда жалпы көлемі 25 шаршы метрден келетін қамтудың орташа нормасын негізге ала отырып белгіленді. Мұнда тұрғын үймен қамту есебі тұрғындар арасында кіріс деңгейі бойынша әр түрлі топтарға бөлініп өзара сараланған.
2010 - 2025 жылдар кезеңінде жаңа тұрғын үй құрылысының жалпы ауданы 5162,0 мың шаршы метрді құрайды, соның ішінде жалпы ауданы 2417,8 мың шаршы метр үй-жайлық құрылыстар, көп қабатты - 2444,2 мың шаршы метр. Соның ішінде бірінші кезектегі құрылыс кезеңінде (2010 - 2015 жылдары) жаңа үйлердегі тұрғын үй қоры жалпы алаңы 1845,7 мың шаршы метр, соның ішінде үй-жайлық құрылысқа жалпы ауданы 824,3 мың шаршы метр және көп қабатты тұрғын үйдің жалпы ауданы 1021,4 мың шаршы метрді құрайды.
Бұрыннан бар тозған және арзан тұрғын үй қоры кемуінің жалпы ауданы 367,1 мың шаршы метрді құрауы мүмкін. Бұзғаннан кейін босатылған аумақтарды 498 га, әлеуметтік-тұрғын үй нысандарының және жол желілерінің құрылысына пайдалану болжанып отыр.
Үй-жайлық телімдері бар үйлерді салу үшін 2876 га жер бөлуді қажет етеді.
Есеп беру мерзімінің аяғына дейін 26,5 мың орындық балаларға арналған мектепалды мекемелерді, соның ішінде 2015 жылға дейін 12,2 мың орындық; жалпы білім беретін оқу орындарын осыған сәйкес 28,2, және 11,5 мың орындық салу көзделген.
Денсаулық сақтау саласында барлық түрдегі 2470 төсектік стационарларды, соның ішінде бірінші кезекте – 1070 төсектік, осыған сәйкес ауысымына 12,7 және 6,0 мың келушілер қабылдауға арналған амбулаториялық – емхана мекемелерін салу болжанған.
2015 жылға 1500 орындық спорттық Мұз сарайын салып, пайдалануға қабылдау көзделген, есеп беру мерзіміне 2100 орындық әмбебап ойын-сауық залын салу қарастырылған. Әрбір жоспарлау аймағында сауда-көңіл көтеретін, спорттық, мәдени және көп бейінді кешендер мен орталықтарды салу көзделген.
Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды дамыту жаңа жұмыс орындарын құруға, аумақтың инвестициялық тартымдылығын және қала бюджетін толықтыруға, тұрғындардың өмір деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.
4. Көліктік инфрақұрылым
Магистралдық көшелер мен қала жолдарының болашақтағы жүйесінде мыналар қарастырылған:
транзиттік жүк автокөліктерінің жүруіне арналған қаланың сыртынан айналып өтетін жол құру;
қала сілемінен өтетін және қысқа бағыттар бойынша оң жағалау мен сол жағалаудың іс жүзінде барлық шеткері орналасқан аймақтарды байланыстыратын орташа айналмалы жол құру;
көлік қозғалысын жеңілдету үшін қаланың орталық бөлігінің айналасында құрылатын ішкі кіші жартылай шеңбер жолын құру;
әуежаймен, жаңа аудандармен Ертіс өзені арқылы байланыстыратын магистралды көшені құру.
Қаланың көше жол желісін дамытуды және жетілдіру үшін ұсыныстар келешектегі құрылыс салу аудандарында жаңа магистралды көшелер салуды және болған көшелерді қайта жаңғыртуды, Ертіс өзені арқылы өтетін 5 көлік көпірлерін салуды көздейді.
5. Сумен қамту
Жобада қала халқы мен кәсіпорындарына қызмет көрсететін орталықтандырылған шаруашылық-ауыз су және өндірістік-өртке қарсы су құбыры принципиалды жүйесі сақталған.
Құрылыс жүргізудің бірінші кезегіне қала бойынша суды тұтыну тәулігіне 107,20 мың текше метр, есеп беру мерзіміне – тәулігіне 139,20 мың текше метр құрайды.
Семей қаласының су тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыру көзінің жалпы күш-қуаты тәулігіне 170,50 мың текше метр құрайды, бұл есеп беру мерзіміне қаланың ауыз суға қажеттілігін толық қамтамасыз ете алады.
6. Су тарту
Келешекке тазарту ғимараттарына бірыңғай жүйемен тұрғындар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардан ағынды сулар құйылатын толық емес қолданыстағы кәріздің бөлшектелген сұлбасы сақталады. Мұнда тазартуға және бірлесіп тартуға жататын тұрмыстық ағынды сулар мен өндірістік ағынды суларды шаруашылық-тұрмыстық кәрізге қабылдау талаптарын қанағаттандыру керек.
Семей қаласының 1-ші кезектегі құрылысына ағынды сулар көлемі тәулігіне 88,30 мың текше метр және есеп беру мерзіміне тәулігіне 116,80 мың текше метр құрайды. Жобалау өндірістік қуаты тәулігіне 150 мың шаршы метр, толық биологиялық тазартатын кәріз ғимараттарын салу көзделген.
7. Санитарлық тазалау
Жобамен қазіргі қоқыс үйіндісі орнына сол жағалау бөлігінде қоқыс өңдеу зауытын салу ұсынылған.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын Знаменка тас жолының бойында салу көзделген.
8. Жылумен қамту
Бас жоспарда есеп беру мерзіміне қаланың жылу жүктемесін қамтамасыз ету үшін мыналар қарастырылған:
алты ірі қазандықтардың, екі жылу энергия орталықтарын (ЖЭО-1, ЖЭО-2) қайта жаңғыртуды аяқтау;
жаңа жылу энергия орталығын салу (ЖЭО-3);
көмір пайдаланыланатын жаңа аудандық қазандық салу.
9. Газбен қамту
Қазіргі уақытта Семей қаласының газбен қамту жүйесі сұйытылған көмірсутекті газды пайдалану арқылы өндіріледі.
Қалалық газ шаруашылығының басқармасы ұйымдастыру және экономикалық мәселелерді және оны іске асыруды шешкен жағдайда барлық жобалау кезеңіне тұтынушыларды сұйытылған көмірсутекті газбен қамтамасыз етудің бар жүйесі сақталады.
10. Электрмен жабдықтау
Қазіргі уақытта Семей қаласының және оған шектесіп жатқан аудандарды орталықтандырылған электрмен жабдықтаудың негізгі көздері: Семей жылу электр орталығы (ЖЭО-1) және Қазақстан ЕЭС станциялары болып табылады.
Перспективалы электр жүктемесін жабу бірінші кезекке және есепті мерзімге қаланы бұрыннан бар жылу энергиясы орталықтарын (ЖЭО-1) кеңейту және жаңа жылу энергиясы орталығын (ЖЭО-3) салу есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда.
11. Көгалдандыру
Жобада қазіргі табиғи және жасанды екпе ағаштардың, саябақтардың, скверлердің барлығын барынша сақтап қалу қарастырылған.
Семей қаласы жасыл аймағының ауданы есеп беру мерзіміне тұрғындар саны 400 мың адам болғанда 52,0 мың гектарды құруы тиіс.
Есеп беру мерзіміне жобада қаланың қаладан тыс аймағында аумағы 28,0 мың гектар қосымша жасыл белдеулер құру қарастырылады.
12. Аумақты қорғау және қаланың орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
Экологиялық жағдайды жақсарту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың әсер етуінен қала халқын қорғау және тұрақты жұмыс істеуін арттыру мақсатында жобада мынадай қала құрылысы іс-шаралары көзделген:
инженерлік-геологиялық және гидрологиялық жағдайлар бойынша перспективалық құрылыстың жекелеген учаскелері мен аудандарын бағалауды ескере отырып, қала аумағын қабаттылығы бойынша бөлу;
қала аумағын нақты функционалдық бөлу;
ірі сауда-саттық және қойма кешендерін қаладан шыға беріс магистральдарда орналастыру;
Ертіс өзені бойында тасқын сулардың мүмкін болатын су басып кетуінен қорғау құрылғыларын салу;
темір жол торабының бойында өндірістік аймақтар қалыптастыру;
айналмалы транзиттік магистральдердің маңында көліктік-өндірістік кәсіпорындарды қалыптастыру;
жол-көше желісін одан әрі дамыту және оның негізінде тұрақты жұмыс істейтін жалпы қалалық желі құру.
электрондық дерекқор банкі мен оны жүргізу жөнінде технологиясын құрумен қоса экологиялық-геохимиялық мониторингінің (атмосфераның, жер бетіндегі сулар мен жерасты суларының, топырақтың, геологиялық ортаның) бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру;
кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапасы мен өнім сапасын (ИСО 14000, ИСО 9000) басқарудың халықаралық стандарт жүйесін енгізу;
өндірістік өнеркәсіптердің санитарлық-қорғау аймақтарын ұйымдастыру;
орман-саябақ аймақтары, саябақтар, скверлер, бульварлар, аллеялар, жол бойындағы орман желектері, санитарлық-қорғау аймағы мен Ертіс өзенінің су қорғау аумақтарының жасыл екпе ағаштары енетін үздіксіз көгалдандыру жүйесін құру;
ластанған аумақтарды қайта қалпына келтіру (карьерлерді, апатты үйінділерді);
толық жасанды биологиялық тазалау және тереңдете тазалау имараттарына ағындарды бөлумен қоса кәріздің орталықтандырылған жүйесін қайта жаңғырту және жетілдіру;
жаңа технология бойынша (биореактор) блоктарда биологиялық тотығуды қолдану мен қоса өнімділігі тәулігіне 150 мың текше метр тазартушы имараттардың жаңа кешенін салу;
қоқыс өндеуші зауыттарда қалдықтарды зарарсыздандырумен қоса қала аумағын жоспарлы – үнемі тазарту;
жерасты суларының ластанған ошағын жою (керосин көлі);
көзделген қала шетінің шеңберінде Ертіс өзенінің, суды қорғау аймағы 81,05 километр, алаңы 9195,5 гектар, соның ішінде суды қорғау желегі 115,76 километр және 1821,18 гектарға сәйкес су қорғау және жағалау жолағын абаттандыру және ұйымдастыру.
"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының бас жоспары" жобасының негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері
Р/с № | Көрсеткіштері | Өлшем бірлігі | Бастапқы жыл | Бірінші кезек (2010 – 2015 ж.ж.) | Есеп беру мерзімі (2010 – 2025 ж.ж.) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Аумақ, қаланың жобалық шекарасының барлығы | гектар | ||||
1 | Қоныстану аумақтары | гектар | 5477,5 | 7744,0 | 11545,6 |
1) | Тұрғын аудандардың аумағы, барлығы | гектар | 4058,1 | 5136,4 | 7065,9 |
соның ішінде: | гектар | ||||
усадьбалық құрылыс | гектар | 3211,6 | 3777,1 | 4999,7 | |
екі-үш қабатты құрылыс | гектар | 111,0 | 361,1 | 701,1 | |
төрт-алты қабатты құрылыс | гектар | 420,8 | 548,5 | 607,1 | |
жеті қабатты және одан жоғары құрылыс | гектар | 314,7 | 449,7 | 758 | |
2) | Қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі қоғамдық-іскерлік құрылыс объектілері, барлығы | гектар | 319,4 | 725,2 | 1297,0 |
3) | Жалпықалалық маңызы бар ортақ пайдаланымдағы жасыл көшеттер | гектар | 54,2 | 162,4 | 400,0 |
4) | Магистральды көшелер, алаңдар, автотұрақтар, гараждар, ЖҚС | гектар | 286,7 | 1264,4 | 2762,7 |
5) | Басқа аумақтар | гектар | 57,5 | 35,3 | 20,0 |
6) | Резервтегі қоныстану аумақтары | гектар | 701,6 | 420,3 | |
2 | Қалған аумақтар | гектар | 16242,5 | 18737,1 | 19826,4 |
1) | өндірістік құрылыс | гектар | 1833,5 | 2586,4 | 3439,4 |
2) | Темір жолға бөлінген жолақты қосқанда санитарлық-қорғау аймағы | гектар | 520,0 | 994,0 | 1782,0 |
3) | Зираттар | гектар | 102,3 | 102,3 | 102,3 |
4) | Инженерлік-көлік имараттары | гектар | 853,0 | 814,0 | 756,6 |
5) | Өнеркәсіп жолдары мен өтпе жолдар | гектар | 108,9 | 356,5 | 593,0 |
3 | Басқа аумақтар | гектар | 5934,0 | 10131,3 | 12953,1 |
1) | орман қорының жерлері | гектар | 647,7 | 2512,8 | 2512,8 |
2) | Акваторийлер | гектар | 1082,2 | 1082,2 | 1175,2 |
3) | жағалау аумақтары | гектар | 2548,5 | 3470,3 | 3470,3 |
4) | Ауыл шаруашылығы пайдалану аумағы | гектар | 262,8 | 82,4 | |
5) | саяжай алқабы | гектар | 1237,8 | 1262,5 | 1301,1 |
6) | режимдік аумақтар | гектар | 66,0 | 66,0 | 20,0 |
7) | бүлінген жерлер | гектар | 89,0 | 82,2 | 66,0 |
8) | Рекреациялы аймақтарды ұйымдастыруға арналған аумақтар | гектар | 1246,5 | 3689,3 | |
9) | Сыртқы көлік аумағы | гектар | 326,4 | 718,3 | |
10) | бос аумақтар | гектар | 5284,9 | 2602,6 | |
Барлығы: | гектар | 21720,0 | 26481,1 | 31372,0 | |
1.3. | Қосымша бөлінген аумақтар | гектар | 11482,0 | 6720,9 | 1830,0 |
2035 жылға дейін қаланың шегінің шеңберінде жерлердің алаңы | гектар | 33202,0 | 33202,0 | 33202,0 | |
4 | Халық | ||||
1) | Халық саны, барлығы | мың адам | 281,5 | 330 | 400 |
2) | Халықтың тығыздығы | ||||
қоныстандыру аумағының шегінде | га/адам | 51 | 43 | 35 | |
қала аумағының шегінде | га/адам | 8 | 10 | 12 | |
3. | Тұрғын үй құрылысы | ||||
1) | Тұрғын үй қоры | Мың м2 | 5205,1 | 6930,0 | 10000,0 |
соның ішінде: | |||||
усадьбалық үлгідегі үйлер | мың м2 | 2269,4 | 2684,0 | 3606,1 | |
43,6 | 38,7 | 36,1 | |||
2-3 қабатты қоршалған үйлер | мың м2 | 288,9 | 714,0 | ||
4,2 | 7,1 | ||||
2-3 қабатты көп пәтерлі үйлер | мың м2 | 281,1 | 281,1 | 281,1 | |
5,4 | 4,1 | 2,8 | |||
4-6 қабатты көп пәтерлі үйлер | 1426,2 | 1866,4 | 2093,3 | ||
27,4 | 26,9 | 20,9 | |||
7-10 қабатты көп пәтерлі үйлер | мың м2 | 1134,7 | 1512,7 | 2379,6 | |
21,8 | 21,8 | 23,8 | |||
11 қабатты көп пәтерлі үйлер | мың м2 | 93,7 | 296,9 | 925,9 | |
1,8 | 4,3 | 9,3 | |||
2) | Тұрғын үй қорының азаюы | мың м2 | 120,8 | 246,3 | |
3) | Жаңа тұрғын үй құрылысы | мың м2 | 1845,7 | 3316,3 | |
соның ішінде: | |||||
усадьбалық үлгідегі үйлер | мың м2 | 535,4 | 1168,4 | ||
2-3 қабатты қоршалған үйлер | мың м2 | 288,9 | 425,1 | ||
4-6 қабатты көп пәтерлі үйлер | мың м2 | 440,2 | 226,9 | ||
7 қабатты және одан жоғары көп пәтерлі үйлер | мың м2 | 581,2 | 1495,9 | ||
4) | Жалпы алаңмен халықтың орташа қамтылуы | адам /м2 | 18,5 | 21 | 25 |
5 | Мәдени және әлеуметтік - тұрмыстық маңызы бар мекемелер | ||||
1) | Балалар мектепалды мекемелері | орын | 2410 | 14630 | 28900 |
жаңа құрылыс салу | орын | 12220 | 14270 | ||
2) | жалпы білім беру мекемелері | орын | 40599 | 52165 | 68835 |
жаңа құрылыс салу | орын | 11566 | 16670 | ||
3) | Емханалар | ауысымға келушілер | 1320 | 7360 | 14000 |
жаңа құрылыс салу | ауысымға келушілер | 6040 | 7609 | ||
4) | Ауруханалар | төсек орындар | 2355 | 3425 | 4825 |
жаңа құрылыс салу | төсек орындар | 1070 | 1400 | ||
5) | Әлеуметтік қамту мекемелері (интернат-үйлер), барлығы | орын | 1420 | 2490 | 3220 |
жаңа құрылыс салу | орын | 1070 | 730 | ||
6) | Ұзақ мерзімді демалыс мекемелері (демалыс үйлері, пансионаттар, оқушылар үшін лагерьлер және т.б.), барлығы | орын | 300 | 800 | |
жаңа құрылыс | орын | 300 | 500 | ||
7) | Денешынықтыру-спорттық құрылыстар | га | 118 | 204,2 | 360 |
жаңа құрылыс | га | 86,2 | 155,8 | ||
8) | Ортақ пайдаланымдағы спорт залдары | еден алаңы м2 | 15700 | 23055 | 32000 |
жаңа құрылыс салу | еден алаңы м2 | 7355 | 8945 | ||
9) | Ортақ пайдаланымдағы төбесі жабылған және ашық бассейндер | су айдыны м2 | 1870 | 5745 | 10080 |
жаңа құрылыс салу | су айдыны м2 | 3875 | 4335 | ||
10) | Көрініс-мәдени мекемелер | орын | 7300 | 28360 | 52560 |
жаңа құрылыс салу | орын | 21060 | 24200 | ||
11) | Сауда кәсіпорындары | сауда алаңы м2 | 85,0 | 106,72 | 134,0 |
жаңа құрылыс салу | сауда алаңы м2 | 21,72 | 27,28 | ||
12) | Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары | орын | 13440 | 16050 | 19970 |
жаңа құрылыс салу | орын | 2610 | 3920 | ||
жаңа құрылыс салу | жұмыс орны | 1120 | 1360 | ||
14) | Өрт сөндіру деполары | өрт сөндіру көлігі | 35 | 70 | 132 |
6 | Көлікпен қамтамасыз ету | ||||
1) | Жаңа магистралдық көшелер мен жолдардың ұзындығы | км | - | 40 | 117 |
2) | Жаңа магистралды көшелердің орташа тығыздылығы | км/км2 | - | 2,1 | 2,2 |
3) | Бұрыннан бар көшелер мен жолдарды қайта жаңғырту | км | - | 100 | 191,2 |
4) | Көлік айналымдарының құрылысы | саны | - | 7 | 12 |
5) | Көпірлер құрылысы | саны | 4 | 2 | 3 |
7 | Инженерлік қамтамасыз ету | ||||
1) | Сумен қамтамасыз ету | ||||
Суды тұтыну жиыны, барлығы | тәу/ мың м3 | 82,59 | 107,18 | 139,20 | |
соның ішінде: | |||||
шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне | тәу/ мың м3 | 76,69 | 101,10 | 132,90 | |
өндірістік қажеттіліктерге | тәу/ мың м3 | 5,9 | 6,08 | 6,29 | |
су құбыры бас құрылыстарының қуаттылығы | тәу/ мың м3 | 82,59 | 107,18 | 138,20 | |
сумен жабдықтаудың пайдаланылатын көздері: | |||||
жер асты көздерінен су жинақтары | тәу/ мың м3 | 82,59 | 107,8 | 139,20 | |
тәулігіне 1 адамға орташа су тұтыну | тәулігіне литр | 293 | 325 | 347 | |
соның ішінде, шаруашылық-ауыз су қажеттілігіне | тәулігіне литр | 202 | 252 | 260 | |
2) | Суды бұру | ||||
Ағынды сулардың жалпы келуі, барлығы | тәу/ мың м3 | 66,03 | 88,30 | 116,76 | |
соның ішінде: | |||||
тұрмыстық кәріз | тәу/ мың м3 | 60,13 | 82,22 | 109,88 | |
Кәріздік тазартушы имараттардың өнімділігі | тәу/ мың м3 | 94,4 | 94,4 | 150,0 | |
3) | Аумақты санитарлық тазалау | ||||
Қоқыстың жылдық саны | тәу/ мың м3 | 150 | 450 | 545 | |
4) | Электрмен қамтамасыз ету | ||||
Коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге электр қуатын тұтынудың жиыны | МВт | 137 | 196 | 278 | |
5) | Жылумен қамтамасыз ету | ||||
Жылудың жиынтық жүктемесі | Гкал/с | 993 | 1387 | 1963 | |
соның ішінде: | |||||
тұрғын үй-коммуналдық сектор | Гкал/с | 918 | 1222 | 1777 | |
өнеркәсіп | Гкал/с | 75 | 165 | 186 | |
6) | Газбен қамтамасыз ету | ||||
Сұйытылған газды тұтыну | мың т/жыл | 24,154 | 29,022 | ||
8 | Аумақты инженерлік дайындау | ||||
1) | Нөсер кәрізінің ұзындығы | Км | 50 | 135 | |
2) | Қорғау ғимараттарының ұзындығы | км | 4,8 | 8 | 13 |
9 | Әлеуметтік және инженерлік-көліктік инфрақұрылымға күрделі қаржы салымдары | миллиард теңге | - | 289,4 | - |
оның ішінде: | |||||
республикалық бюджет қаражатынан | 76,4 | ||||
жергілікті бюджет қаражатынан | 9,5 | ||||
өз қаражатынан | 3,6 | ||||
қарыз қаражатынан | 12,0 | ||||
қаражат көздері айқындалмаған | 187,9 |