Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10, 18, 53-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жалпы ауданы 256494 га аумақта (Бесқарағай ауданы – 203563 га, Бородулиха ауданы – 38242 га, Семей қаласы – 14689 га) «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының күзет аймағы кеңейтілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 11.03.2014 № 47 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватын құрудың табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемесіне резерваттың күзет аймағын кеңейту бөлігінде түзету енгізілуіне сәйкес күзет аймағының аумағында табиғатты пайдалану режимі және тәртібі белгіленсін.
3. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» мемлекеттік мекемесінің директорына жергілікті жерлерде күзет аймағының шекараларын арнайы белгілермен белгілеу ұсынылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Сапарбаев
Келісілді:
Шығыс Қазақстан облыстық
орман және аңшылық шаруашылығы
аумақтық инспекциясының бастығы А. Калмыков