РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф 75 (жетпіс бес) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 3071 "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2703 тіркелген, 2012 жылғы 18 қазанда "Өскемен", "Усть-Каменогорска" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының | |
әкімі | Т. Қасымжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Өскемен қалалық | |
мәслихатының хатшысы | А. Абакумов |
" 13 " 08 2014 жылы