Өскемен қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 145 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 ақпанда № 4879 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф жолаушының бір рет жол жүруіне 90 (тоқсан) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Өскемен қаласы әкімдігінің "Өскемен қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" 2014 жылғы 13 тамыздағы № 6444 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3457 тіркелген, 2014 жылғы 21 тамызда "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде, 2014 жылғы 28 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының
      әкімі Е. Аймұқашев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Өскемен қалалық
      мәслихатының хатшысы
      ________________ А. Абакумов

      "13" 01 2017 жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады