Өскемен қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 тамыздағы N 6444 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 тамызда N 3457 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы № 145 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 13.01.2017 № 145 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 19-бабына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі
      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Өскемен қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф 75 (жетпіс бес) теңге мөлшерінде белгіленсін.
      2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 қыркүйектегі № 3071 "Жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2703 тіркелген, 2012 жылғы 18 қазанда "Өскемен", "Усть-Каменогорска" газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының
      әкімі Т. Қасымжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Өскемен қалалық
      мәслихатының хатшысы А. Абакумов

      " 13 " 08 2014 жылы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады