Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 34/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қаңтарда № 3629 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 31 шілдедегі № 32/3-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 31.07.2018 № 32/3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" "Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 31.03.2016 № 2/4-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Өскемен қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Потапов
      Қалалық мәслихаттың хатшысы А. Абакумов

  Өскемен қалалық мәслихатының
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 34/5-V шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулыларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 31.03.2016 № 2/4-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      3. Тұрғын үй көмегi тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша көрсетiледі.

      Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (бұдан әрі – уәкілетті орган) табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген коммуналдық қызметтерге тарифтердi, олардың өзгерiстерiн ұсынады. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде қызмет көрсетушiлер ұсынған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтiк нормалары шегiнде есепке алынады.

      Көмірдің құнын есептеу үшін тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдай бойынша қалалық статистика және ақпарат басқармасы ұсынған қала бойынша орташа баға қолданылады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметін уәкілетті орган көрсетеді.

      5. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат немесе нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша оның өкілі) тоқсан сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе www.egov.kz "электронды үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) өтініш береді алады және "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 сәуірдегі № 319 бұйрығымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметі стандартының 9 тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 31.03.2016 № 2/4-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Алғаш өтініш жасаған кезде тұрғын үй көмегі қажетті құжаттар тізбесімен бірге өтініш берген айдан бастап тағайындалады.

      7. Өтініш беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға тоқсан сайын өтініш жасаған кезде, тұрғын үй көмегі өтініш жасаған тоқсанда құжаттарды ұсыну мерзімінен тәуелсіз тоқсанға тағайындалады. Егер алдыңғы тоқсанда құжаттар ұсынылмаған жағдайда тұрғын үй көмегін есептеу өтініш берген айдан бастап жүзеге асырылады.

      8. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үйлерде тұратын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi өтiнiш берген айдан тәуелсiз жылына бiр рет тоқсанға тағайындалады.

      9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-не дейін қабылданады.

      10. Тұрғын үй көмегі:

      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген;

      2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда:

      бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғаларды, үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналарды;

      3) құрамында заңды некеде тұрған, бірақ жоқ жұбайының тұрғылықты жерін білмейтін (көрсетпейтін) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтініш жасамаған тұлғалары бар;

      4) егер ата-аналары ажырасқан және өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы талап бермеген отбасыларға көрсетілмейді.

      11. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасылар жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды қайта бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.

      12. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге, лифттерге қызмет көрсетуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.

      13. Жылу энергиясын тұтынуды үйге ортақ есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша үйге ортақ есепке алу құралдары бар үйлерді жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормалары шегінде анықталады.

      14. Суық және ыстық сумен қамтамасыз етуді, газбен қамтамасыз етуді тұтынуды есепке алу құралдары бар тұтынушылар үшін есептеуге алынатын шығындар алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша белгіленген тарифтер шегінде анықталады.

      15. Үйлерде орталықтандырылған жылыту болмаған жағдайда жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге төлем мөлшері электр энергиясына есептелген сомадан үйге ортақ есепке алу құралдары бар үйлерді жылытуға жылу энергиясын тұтыну нормалары және ыстық сумен қамтамасыз етуге белгіленген тарифтер шегінде есептеледі.

      16. Құрамында зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, жетімдер, қамқорлықтағылар, төрт және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында тұрғын үй көмегін есептегенде кіріс Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен уақыттың сәйкес кезеңіне белгіленген екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).

      17. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:

      1) өтініш беруші заңды некеде тұрса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса – ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тұрғын үй көмегі тағайындалады;

      2) өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда –баланың ата-анасының табыстары есептеледі.

      18. Тұрғын үй көмегін ұсыну үшін негіз уәкілетті органның шешімі болып табылады.

      19. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді.

      Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн заңнамамен белгіленген тәртіпте жауапты болады.

      20. Негізсіз алынған тұрғын үй көмегiнің сомалары алушымен ерiктi түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

      21. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      22. Отбасының шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының жиынтық табысына қарай 8 % мөлшерінде белгіленеді.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 04.04.2018 № 28/2-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      23. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін есептеу кезінде келесі нормалар ескеріледі:

      1) алаңдар:

      жалғыз тұратын азаматтар үшін – 35 шаршы метр;

      2 адамнан тұратын отбасы үшін – 45 шаршы метр;

      3 адамнан тұратын отбасы үшін – 55 шаршы метр;

      4 және одан артық адамдардан тұратын отбасы үшін – әрқайсысына 15 шаршы метрден, бірақ 90 шаршы метрден артық емес;

      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға арналған шығын – 1 шаршы метрге 30 теңге;

      3) айына 1 адамға газ шығыны – 6,5 кг.;

      4) бiр айға электр энергиясын тұтыну – әр тұратын адамға 90 кВт, жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер үшін – 120 кВт. Теплофондар арқылы жылытылатын тұрғын үйлер үшiн 1 шаршы метрді жылытуға электр энергиясының шығыны – айына 38,9 кВт есептеледі;

      5) тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмірдің шығыны – 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг артық емес.

4. Тұрғын үй көмегін төлеу

      24. Тұрғын үй көмегін төлеу екінші деңгейдегі банктер арқылы алушылардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.

5. Қорытынды ережелер

      25. Осы Қағидалармен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.

  Өскемен қалалық мәслихатының
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 34/5-V шешіміне қосымша

Өскемен қалалық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-149 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 16 тамызда № 101 "Дидар" газетінде, 2010 жылғы 14 тамызда № 100 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімі;

      2. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 29/16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-156 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 20 қаңтарда № 7 "Дидар" газетінде, 2011 жылғы 21 қаңтарда № 7 "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімі;

      3. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 9 маусымдағы № 33/7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-168 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 14 шілдеде № 80 "Дидар" газетінде, 2011 жылғы 13 шілдеде № 79 "Рудный Алтай" газетінде жарияланды) шешімі;

      4. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 3/6-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-186 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырда № 20 "Өскемен" газетінде, 2012 жылғы 17 мамырда № 20 "Усть-Каменогорск" газетінде жарияланған) шешімі;

      5. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2012 жылғы 22 қарашадағы № 11/4-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2778 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсанда № 52 "Өскемен" газетінде, 2012 жылғы 27 желтоқсанда № 52 "Усть-Каменогорск" газетінде жарияланды) шешімі;

      6. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2013 жылғы 14 наурыздағы № 15/4-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2928 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 11 сәуірде № 14 "Өскемен" газетінде, 2013 жылғы 11 сәуірде № 14 "Усть-Каменогорск" газетінде жарияланды) шешімі;

      7. Өскемен қалалық мәслихатының "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 23 қаңтардағы № 26/2-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3189 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 20 ақпанда № 7"Өскемен"және № 7 "Усть-Каменогорск" газеттерінде, 2014 жылғы 20 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімі.

Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи

Решение Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 23 декабря 2014 года N 34/5-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 15 января 2015 года N 3629. Утратило силу-решением Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 31 июля 2018 года № 32/3-VI

      Сноска. Утратило силу - решением Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 31.07.2018 № 32/3-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с пунктом 2 статьи 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникации социально-защищаемым гражданам", от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" Усть-Каменогорский городской маслихат РЕШИЛ:
      Сноска. Преамбула - в редакции решения Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 31.03.2016 № 2/4-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи.

      2. Признать утратившим силу некоторые решения Усть-Каменогорского городского маслихата согласно приложению к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии И. Потапов
      Секретарь городского маслихата А. Абакумов

  Утверждены
решением Усть-Каменогорского
городского маслихата
от 23 декабря 2014 года
№ 34/5-V

Правила определения размера и порядка оказания жилищной помощи
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года № 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам", от 30 декабря 2009 года № 2314 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства" и определяют размер и порядок оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 31.03.2016 № 2/4-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в данной местности на оплату:

      1) расходов на содержание жилого дома (жилого здания) семьям (гражданам), проживающим в приватизированных жилых помещениях (квартирах) или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;

      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;

      3) арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      3. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам на оплату коммунальных услуг на содержание жилого дома (жилого здания) согласно смете, определяющей размер ежемесячных и целевых взносов, на содержание жилого дома (жилого здания).

      Поставщики коммунальных услуг представляют в ГУ "Отдел занятости и социальных программ города Усть-Каменогорска" (далее - уполномоченный орган) тарифы на коммунальные услуги, их изменения, согласованные с уполномоченным органом по регулированию естественных монополий и защите конкуренции. При расчете жилищной помощи учитываются потери тепла, предъявляемые услугодателями, в пределах социальных норм площади жилья.

      Для расчета стоимости угля используются средние цены по городу, представляемые городским управлением статистики и информации по состоянию на последний месяц квартала, предшествующего кварталу расчета жилищной помощи.

2. Порядок назначения жилищной помощи

      4. Государственную услугу "Назначение жилищной помощи" оказывает уполномоченный орган.

      5. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин, либо его представитель по нотариально заверенной доверенности) ежеквартально обращается в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" или веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz (далее – портал) с заявлением и предоставляет перечень документов согласно пункту 9 стандарта государственной услуги "Назначение жилищной помощи", утвержденного приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 9 апреля 2015 года № 319 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства".
      Сноска. Пункт 5 - в редакции решения Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 31.03.2016 № 2/4-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. При первичном обращении жилищная помощь назначается с месяца, в котором подано заявление с необходимым перечнем документов.

      7. При обращении заявителя за назначением жилищной помощи ежеквартально, жилищная помощь назначается за квартал, независимо от времени представления документов в квартале обращения. В случае если документы за предшествующий квартал не представлялись, начисление жилищной помощи осуществляется с месяца обращения.

      8. Семьям (гражданам), проживающим в индивидуальных жилых домах с местным отоплением, жилищная помощь назначается один раз в год за квартал независимо от месяца обращения.

      9. Документы для назначения жилищной помощи принимаются до 25 числа последнего месяца текущего квартала.

      10. Жилищная помощь не оказывается семьям:

      1) имеющим на праве собственности более одной единицы жилья (квартиры, дома) или сдающим жилые помещения в наем;

      2) имеющим в составе трудоспособных лиц, которые не работают, не учатся, не служат в армии и не зарегистрированы в уполномоченном органе по вопросам занятости, за исключением: лиц, осуществляющих уход за инвалидами первой и второй групп, детьми-инвалидами в возрасте до 18 лет, лицами старше восьмидесяти лет, матерей, занятых воспитанием ребенка в возрасте до трех лет;

      3) имеющим в составе лиц, состоящих в законном браке, которые не знают (не указывают) местонахождение отсутствующего супруга и не обращались по этому вопросу в правоохранительные органы;

      4) если родители разведены и не подали иск о взыскании алиментов на проживающих с ними детей.

      11. Семьи, в которых безработные члены семьи без уважительных причин отказались от предложенной работы или трудоустройства, самовольно прекратившие участие в общественных работах, обучении или переобучении, теряют право на получение жилищной помощи до возобновления трудоустройства, обучения и переобучения.

      12. Расходы на содержание жилого дома (жилого здания), электроснабжение, газоснабжение, обслуживание лифтов учитываются средние за квартал, предшествующий кварталу обращения. Расходы за водоснабжение, водоотведение, теплоэнергию, вывоз твердых бытовых отходов, услуги телекоммуникаций учитываются по тарифам услугодателей.

      13. Расходы, принимаемые к расчету для потребителей, имеющих общедомовые приборы учета потребления тепловой энергии, определяются по фактическим затратам за предшествующий квартал, в пределах нормы потребления тепловой энергии на отопление домов с общедомовыми приборами учета.

      14. Расходы, принимаемые к расчету для потребителей, имеющих приборы учета потребления холодного и горячего водоснабжения, газоснабжения, определяются по фактическим затратам за предшествующий квартал в пределах установленных тарифов.

      15. В случае отсутствия в домах централизованного отопления, размер оплаты за отопление и горячее водоснабжение рассчитывается из начисленной суммы за электроэнергию в пределах нормы потребления тепловой энергии на отопление домов с общедомовыми приборами учета и установленных тарифов на горячее водоснабжение.

      16. С целью поддержки семей, в состав которых входят пенсионеры, инвалиды, дети-инвалиды, сироты, опекаемые, четверо и более несовершеннолетних детей, при расчете жилищной помощи доход корректируется (уменьшается) на два месячных расчетных показателя, установленного на соответствующий период времени бюджетным законодательством Республики Казахстан.

      17. При назначении жилищной помощи применяются следующие условия:

      1) заявитель находится в законном браке, но супруг не прописан по данному адресу – учитываются доходы обоих супругов и жилищная помощь назначается по адресу ходатайствующего о жилищной помощи супруга;

      2) у заявителя прописан ребенок до 18 лет, родители которого не лишены родительских прав и прописаны в другом месте – учитываются доходы родителей ребҰнка.

      18. Основанием для предоставления жилищной помощи является решение уполномоченного органа.

      19. Получатели жилищной помощи в течение 10 рабочих дней информируют уполномоченный орган о любых изменениях формы собственности своего жилья, состава семьи, ее совокупного дохода и статуса.

      Заявители несут ответственность за достоверность представленных сведений в установленном законодательством порядке.

      20. Необоснованно полученные суммы жилищной помощи подлежат возврату получателем в добровольном порядке, а в случае отказа в установленном законодательством порядке.

3. Размер жилищной помощи и нормативы содержания жилища и потребления коммунальных услуг

      21. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользование жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, в пределах норм и предельно-допустимого уровня расходов семьи (граждан) на эти цели.

      22. Доля предельно допустимых расходов семьи устанавливается к совокупному доходу семьи в размере 8%.

      Сноска. Пункт 22 - в редакции решения Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 04.04.2018 № 28/2-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      23. При расчете размера жилищной помощи учитываются следующие нормы:

      1) площади:

      для одиноко проживающих граждан – 35 кв.м;

      для семьи из 2-х человек – 45 кв.м;

      для семьи из 3-х человек – 55 кв.м;

      для семьи из 4-х и более человек - по 15 кв.м. на каждого, но не более 90 кв.м;

      2) расхода на эксплуатацию общего имущества объекта кондоминиума – 30 тенге за 1 кв.м.;

      3) расхода газа на человека в месяц – 6,5 кг;

      4) потребления электроэнергии в месяц – 90 кВт на каждого проживающего, для одиноко проживающих пенсионеров, инвалидов – 120 кВт. Для жилищ, отапливаемых посредством теплофонов, учитывается расход электроэнергии на отопление 1 кв.м – 38,9 кВт в месяц;

      5) расхода угля на 1 кв.м. общей площади жилого домостроения – 129,8 кг, но не более 5000 кг на дом.

4. Выплата жилищной помощи

      24. Выплата жилищной помощи осуществляется через банки второго уровня, путем зачисления на лицевые счета получателей.

5. Заключительные положения

      25. Отношения, не урегулированные настоящими Правилами, регулируются в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

  Приложение к решению
Усть-Каменогорского
городского маслихата
от 23 декабря 2014 года
№ 34/5-V

Перечень утративших силу некоторых решений Усть-Каменогорского городского маслихата

      1. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5-1-149, опубликовано 16 августа 2010 года в газете "Дидар" № 101, 14 августа 2010 года в газете "Рудный Алтай" № 100);

      2. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 29 декабря 2010 года № 29/16 "О внесении изменений в решение от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5-1-156, опубликовано 20 января 2011 года в газете "Дидар" № 7, 21 января 2011года в газете "Рудный Алтай" № 7);

      3. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 9 июня 2011 года № 33/7 "О внесении изменений и дополнений в решение от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5-1-168, опубликовано 14 июля 2011 года в газете "Дидар" № 80, 13 июля 2011 года в газете "Рудный Алтай" № 79);

      4. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 12 апреля 2012 года № 3/6-V "О внесении изменений и дополнения в решение от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5-1-186, опубликовано 17 мая 2012 года в газетах "Өскемен" № 20 и "Усть-Каменогорск" № 20);

      5. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 22 ноября 2012 года № 11/4-V "О внесении изменений и дополнения в решение от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2778, опубликовано 27 декабря 2012 года в газетах "Өскемен" № 52 и "Усть-Каменогорск" № 52);

      6. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 14 марта 2013 года № 15/4-V "О внесении изменения в решение от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2928, опубликовано 11 апреля 2013 года в газетах "Өскемен" № 14 и "Усть-Каменогорск" № 14);

      7. Решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 января 2014 года № 26/2-V "О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 23 июля 2010 года № 26/4 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 3189, опубликовано 20 февраля 2014 года в газетах "Өскемен" № 7 и "Усть-Каменогорск" №7, информационно-правовой системе "Әділет" 20 февраля 2014 года).