"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы N 15/4-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 04 сәуірде № 2928 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 34/5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 23.12.2014 № 34/5-V шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеу ережесiн бекiту туралы" 2010 жылғы 23 шiлдедегi № 26/4 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 5-1-149 нөмiрiмен тiркелген, 2010 жылғы 16 тамыздағы № 101 "Дидар" газетiнде, 2010 жылғы 14 тамыздағы № 100 "Рудный Алтай" газетiнде жарияланған) шешiмiне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетiлген шешiммен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн белгiлеу Ережесiнде:
      21 тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) бiр айға электр энергиясын тұтыну – әр тұратын адамға 90 кВт, жалғыз тұратын зейнеткерлер, мүгедектер үшін – 120 кВт. Теплофондар арқылы жылытылатын тұрғын үйлер үшiн 1 шаршы метрді жылытуға электр энергиясының шығыны есептеледі – айына 38,9 кВт;".
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Г. Сарро
      Қалалық мәслихаттың хатшысы В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады