"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2011 жылғы 09 маусымдағы N 33/7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 07 шілдеде № 5-1-168 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 34/5-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 23.12.2014 N 34/5-V шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 23 шілдедегі № 26/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-149 нөмірімен тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінде:
      5 тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегін алушылар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы, өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға коммуналдық қызметтерді тұтынуға шоттарды, және де отбасының кірісін растайтын құжаттарды тоқсан сайын беріп отырады. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер үшін ағымдағы төлемдерді оны тағайындаған айдан бастап тұрақты төлеген жағдайда ғана тағайындалады.";
      мына мазмұндағы 16-1 тармақпен толықтырылсын: "Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез келген өзгерістері туралы хабардар етеді. Өтініш берушілер ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.";
      19 тармақ жаңа редакцияда жазылсын: "Отбасының шекті жол берілетін шығыстарының үлесі отбасының жиынтық табысына қарай 10 % мөлшерінде белгіленеді.";
      20 тармақ алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы

Ғ. Берғалиев

      Қалалық мәслихаттың хатшысы

В. Головатюк

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады