Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қалалық мәслихатының 14.09.2018 № 24/191-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу қағидасы туралы" 2010 жылғы 22 шілдедегі № 27/212-IV Курчатов қалалық мәслихатының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-3-94 нөмірімен тіркелген, облыстық "7 дней" газетінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 33 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Жоғарыда аталған шешімнің қосымшасындағы:
1-бөлімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы", 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы", 2014 жылғы 05 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес әзірленді";
2-бөлімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді.
"Азамат (отбасы), (не сенімхат бойынша оның (олардың) өкілі) тұрғын үй көмегін алу үшін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму минисрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - ХҚО) және "электрондық үкіметтің" веб-порталына (бұдан әрі - портал) өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынады";
2-бөлімнің 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй көмегі коммуналдық қызметтер үшін ағымдағы төлемдерді оны тағайындаған айдан бастап тұрақты төлеген жағдайда тоқсан сайын тағайындалады";
4- бөлімнің 21-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"21. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 7412 нөмірімен тіркелген, "Казахстанская правда" газетінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 86 санында жарияланған) тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес жүзеге асырылады";
4-бөлімнің 23-тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Л. Киселева |
Курчатов қалалық мәслихатының | |
хатшысы | Г. Қарымбаева |