Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 06.09.2023 № 7/2-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 - 1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1370 қаулысымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларының 2 тармағына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiркеуiнiң Тiзiлiмiнде № 3084 тiркелген, 2013 жылғы 06 желтоқсандағы № 49 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, аталған шешіммен бекітілген:
тоғызыншы жол келесі редакцияда жазылсын:
"9. Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері – 1 отырғызу орны – 1,996";
он сегізінші жол келесі редакцияда жазылсын:
"18. Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары – жалпы алаңы 1м2 – 0,7";
он тоғызыншы жол келесі редакцияда жазылсын:
"19. Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары – жалпы алаңы 1 м2 – 0,48";
Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларына ескертпе алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В.СТРЕБКОВ |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. ПАНЧЕНКО |