Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 7/2-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 11 қыркүйекте № 8896-16 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қалалық мәслихатының төрағасы Е. Нужных

  Риддер қалалық мәслихатының
"06" қыркүйек 2023 жыл
№ 7/2 - VIII шешіміне
қосымша

      1. Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы №20/3-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3084 болып тіркелген).

      2. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы №30/20-V "Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3649 болып тіркелген).

      3. Риддер қалалық мәслихатының 2015 жылғы 14 қазандағы №38/7-V "Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4237 болып тіркелген).

      4. Риддер қалалық мәслихатының 2019 жылғы 28 ақпандағы №30/8-VI "Риддер қаласы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5822 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады