"Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 30/20-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 21 қаңтарда № 3649 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 2023 жылғы 6 қыркүйектегі № 7/2-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 06.09.2023 № 7/2-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 09 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 - 1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1370 қаулысымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларының 2 тармағына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Риддер қалалық мәслихатының 2013 жылғы 17 қазандағы № 20/3-V "Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiркеуiнiң Тiзiлiмiнде № 3084 тiркелген, 2013 жылғы 06 желтоқсандағы № 49 "Лениногорская правда" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын, аталған шешіммен бекітілген:
      тоғызыншы жол келесі редакцияда жазылсын:
      "9. Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері – 1 отырғызу орны – 1,996";
      он сегізінші жол келесі редакцияда жазылсын:
      "18. Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары – жалпы алаңы 1м2 – 0,7";
      он тоғызыншы жол келесі редакцияда жазылсын:
      "19. Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары – жалпы алаңы 1 м2 – 0,48";
      Риддер қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларына ескертпе алынып тасталсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В.СТРЕБКОВ
      Қалалық мәслихат хатшысы И. ПАНЧЕНКО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады