Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 17.05.2018 № 24/4-VІ шешімімен.
Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 17.06.2016 № 3/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Абай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жаратуға келесі тарифтер бекітілсін:
1) жеке тұлғалар үшін – бір адамға айына 214 (екі жүз он төрт) теңге;
2) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін – бір кубтік метр үшін – 900 (тоғызжүз) теңге.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 17.06.2016 № 3/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелер үшін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
|
|