Кейбір шешімдердің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 24/4-VІ шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 маусымда № 5-5-150 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Абай ауданы прокурорының 2018 жылғы 5 мамырдағы наразылығына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 24/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3566 тіркелген, 2014 жылғы 1-7 желтоқсанда "Абай елі" газетінде жарияланған) шешімі;

      2) "Абай ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 24/6-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 3/8-VІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4593 тіркелген, 2016 жылғы 24-31 шілде "Абай елі" газетінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкіде 2016 жылғы 20 шілдеде жарияланған) шешімі.

      2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Оразбаев
      Мәслихат хатшысы Е. Лдибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады