Абай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 24/6-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қарашада № 3566 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 24/4-VІ шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 17.05.2018 № 24/4-VІ шешімімен.
      Ескерту. Атауы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 17.06.2016 № 3/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жаратуға келесі тарифтер бекітілсін:

      1) жеке тұлғалар үшін – бір адамға айына 214 (екі жүз он төрт) теңге;

      2) заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін – бір кубтік метр үшін – 900 (тоғызжүз) теңге.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәслихатының 17.06.2016 № 3/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік мекемелер үшін 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Абай аудандық
мәслихатының хатшысы

Б. Тілеубай
 
Т. Аманғазы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады