2015 жылға Аягөз ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 09 желтоқсандағы № 711 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда № 3590 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 қаңтардағы № 5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 06.01.2016 № 5 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатын ескере отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатын iске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аягөз ауданы аумағында тұратын халықтың келесi нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;
      3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi –жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      1) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді;
      15) ұзақ уақыт (бiр жылдан астам) жұмыс iстемейтiн адамдар;
      16) 50 жастан асқан адамдар;
      17) асыраушысы жоқ жалғызiлiктiлер;
      18) есiрткiге тәуелдi адамдар;
      19) АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар;
      20) бiр де жұмыс iстеушiсi жоқ жанұялардың адамдары;
      21) көп балалы от басына жататын адамдар.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Ысқақовқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмi Н. Нұрғалиев

      

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Аягозского района на 2015 год

Постановление акимата Аягозского района Восточно-Казахстанской области от 09 декабря 2014 года № 711. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 23 декабря 2014 года № 3590. Утратило силу - постановлением акимата Аягозского района Восточно-Казахстанской области от 06 января 2016 года № 5

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Аягозского района Восточно-Казахстанской области от 06.01.2016 № 5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 5, подпунктом 2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", в целях реализации государственной политики занятости с учетом ситуации на рынке труда и бюджетных средств, обеспечения дополнительных государственных гарантий в сфере занятости населения, акимат Аягозского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить следующие целевые группы населения, проживающих на территории Аягозского района:
      1) малообеспеченные;
      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3) воспитанники детских домов, дети–сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6) лица, предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7) инвалиды;
      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10) оралманы;
      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;
      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя-юридического лица либо прекращением деятельности работодателя-физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13) лица, состоящие на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;
      14) лица, потерпевшие от акта терроризма, и лица, участвовавшие в его пресечении;
      15) лица, не работающие длительное время (более одного года);
      16) лица старше 50 лет;
      17) одинокие, не имеющие кормильца;
      18) наркозависимые граждане;
      19) ВИЧ-инфицированные граждане;
      20) лица из семей, где нет ни одного работающего;
      21) лица, относящиеся к многодетной семье.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района С. Искакова.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Н. Нургалиев