2016 жылға Аягөз ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 06 қаңтардағы № 5 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 29 қаңтарда № 4372 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 252 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 21.04.2016 № 252 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатын ескере отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатын iске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аягөз ауданы аумағында тұратын халықтың келесi нысаналы топтары анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
      12) жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi –жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді;
      15) ұзақ уақыт (бiр жылдан астам) жұмыс iстемейтiн адамдар;
      16) 50 жастан асқан адамдар;
      17) асыраушысы жоқ жалғызiлiктiлер;
      18) есiрткiге тәуелдi адамдар;
      19) АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар;
      20) бiр де жұмыс iстеушiсi жоқ жанұялардың адамдары;
      21) көп балалы от басына жататын адамдар;
      22) емдеу және реабилитация курсынан өткен есірткіге тәуелді адамдар.
      2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 09 желтоқсандағы нөмірі 711 "2015 жылға Аягөз ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3590 нөмірімен тіркелген, "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2014 жылғы 27 желтоқсандағы нөмірі 104 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкiмiнің міндетін
      атқарушы Д. Жоргекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады