РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 238-бабы 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бородулиха ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық жалақысын көтеру бекітілген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) анықталсын.
2. Тізім Бородулиха аудандық мәслихатына келісімге ұсынылсын.
3. Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2009 жылғы 4 ақпандағы № 180 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 13 наурыздағы № 5-8-83 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 14 (6276) нөмірінде жарияланған), "Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2009 жылғы 4 ақпандағы № 180 қаулыға өзгерту мен толықтыру енгізу туралы" 2013 жылғы 29 наурыздағы № 666 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 2937 тіркелген, аудандық "Пульс района" газетінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 43 (6662), "Аудан тынысы" газетінің 2013 жылғы 3 мамырдағы № 38 (338) жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп саналсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Қ. Аргумбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а. | А. Нұрғожин |
Келісілді: | |
Шығыс Қазақстан облысы | У. Майжанов |
Бородулиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы |
"29" қазан 2014 ж.
| Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандагы № 256 қаулысына № 1 қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарлама
әкімшісінің ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық жалақысын көтеру
бекітілген әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының
тізбесі
1. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы" комуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.2. Бөлімше меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс бойынша консультант, күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы, әдіскер.
| Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандагы № 256 қаулысына № 2 қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының білім бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ауылдық жерлерде жұмыс істегені үшін
лауазымдық жалақысын көтеру бекітілген білім беру мамандары лауазымдарының
тізбесі
1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшының орынбасары, кітапхана, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі.2. Педагогикалық қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, аға тәрбиеші, тәрбиеші, шебер, нұсқаушы, аға вожатый, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім берудің педагогы, педагог-психолог.
3. Мамандар: кітапханашы, медбике, әдіскер.
| Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандагы № 256 қаулысына № 3 қосымша |
"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәдениет және тілдерді дамыту
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ауылдық жерлерде
жұмыс істегені үшін лауазымдық жалақысын көтеру бекітілген
мәдениет мамандары лауазымдарының
тізбесі
1. Мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы мен басшының орынбасары, меңгеруші.2. Мәдениет мамандары: әртіс, кітапханашы, мәдени-ұйымдастырушы, оқытушы, музыкалық жетекші, әдіскер, хореограф, дыбыс жазушы оператор.