Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 4 ақпандағы N 180 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда N 5-8-83 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 28.10.2014 № 256 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек Кодексінің 238-бабының 3-тармағына, 18-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ауылдық (селолық) жерлерде жұмысы үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі (бұдан әрі - тізбе) 123 қосымшаларға сай анықталсын.
      2. Тізбе келісілуге Бородулиха аудандық мәслихатына ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нұрғожинға жүктелсін.
     Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 29.03.2013 N 666 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
     Ескерту. Қаулы 4-тармақпен толықтырылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 29.03.2013 N 666 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
 
 
 

      Аудан әкімі

Т. Қасымов


Бородулиха ауданының
әкімдігінің 2009 жылғы
4 ақпандағы № 180 қаулысына
№ 1 қосымша

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі

     Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 29.03.2013 N 666 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мемлекеттік мекеменің басшысы және басшысының орынбасары.
      2. Бөлім меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс бойынша консультант, күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы, психолог.
 


Бородулиха ауданының
әкімдігінің 2009 жылғы
4 ақпандағы № 180 қаулысына
№ 2 қосымша

«Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі

     Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 29.03.2013 N 666 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, кітапхана, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
      2. Педагогикалық жұмысшылар және оларға теңестірілген тұлғалар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, аға тәрбиеші, тәрбиеші, мастер, нұсқаушы, аға вожатый, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, педагог-психолог.
      3. Мамандар: кітапханашы, медбике, әдіскер.
 


Бородулиха ауданының
әкімдігінің 2009 жылғы
4 ақпандағы № 180 қаулысына
№ 3 қосымша

«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

     Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 29.03.2013 N 666 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мемлекеттік мекеме мен коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары, меңгеруші.
      2. Мәдениет мамандары: әртіс, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы, оқытушы, музыкалық жетекші, әдіскер, хореограф, дыбыс жазу операторы.
 
 
 

      Бородулиха ауданы әкімі
      аппаратының басшысы

В. Бастриков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады