"Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" 2009 жылғы 4 ақпандағы № 180 қаулыға өзгерту мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 29 наурыздағы N 666 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылдың 29 сәуірінде N 2937 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 28.10.2014 № 256 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
     
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 Еңбек Кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына238-бабы 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» Шығыс Қазақтан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 ақпандағы № 180 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 13 наурызда № 5-8-83 тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінде 2009 жылғы 20 наурызда № 14 (6276) жарияланған) қаулысына келесі өзгерту мен толықтыру енгізілсін:
      Осы қаулының 123-қосымшаларына сәйкес әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру және мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі жаңа редакцияда жариялансын.
      3-тармақ келесі редакцияда жариялансын.
      «3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нұрғожинға жүктелсін.».
      Келесі мазмұндағы 4-тармақпен толықтырсын.
      «4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Нұрғожинға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 
 

      Аудан әкімі
      Келісілді:
      Шығыс Қазақстан облысы
      Бородулиха аудандық
      мәслихатының хатшысы
      2013 ж. 30 наурыз

Г. Акулов
 
 
 
У. Майжанов
 


Бородулиха ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 666 қаулысына № 1-қосымша
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 4 ақпандағы № 180
қаулысына № 1-қосымша

«Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеменің басшысы және басшысының орынбасары.
      2. Бөлім меңгерушісі, әлеуметтік жұмыс бойынша консультант, күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы, психолог.
 


Бородулиха ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 666 қаулысына № 2-қосымша
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 4 ақпандағы № 180
қаулысына № 2-қосымша

«Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген білім беру мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мен қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, кітапхана, әдістемелік кабинет меңгерушісі.
      2. Педагогикалық жұмысшылар және оларға теңестірілген тұлғалар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, аға тәрбиеші, тәрбиеші, мастер, нұсқаушы, аға вожатый, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, педагог-психолог.
      3. Мамандар: кітапханашы, медбике, әдіскер.
 


Бородулиха ауданы әкімдігінің
2013 жылғы 29 наурыздағы
№ 666 қаулысына № 3-қосымша
Бородулиха ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 4 ақпандағы № 180
қаулысына № 3-қосымша

«Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс істегені үшін лауазымдық айлықақыларын көтеру белгіленген мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесі

      1. Мемлекеттік мекеме мен коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары, меңгеруші.
      2. Мәдениет мамандары: әртіс, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы, оқытушы, музыкалық жетекші, әдіскер, хореограф, дыбыс жазу операторы.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады