Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 281 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда № 3581 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 21 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 30.01.2015 № 21 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес, Бородулиха ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының Тізбесі белгіленсін.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын қарастырсын.
      3. "Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 75 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3234 тіркелген, аудандық "Аудан тынысы" газетінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 18 (426), "Пульс района" газетінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 19 (6746)) жарияланған қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бородулиха ауданы әкiмiнiң орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсiн.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкiмі Г. Акулов

  Бородулиха ауданы
әкімдігінің 2014 жылғы
27 карашадағы № 281
қаулысына қосымша

Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы
топтарының тізбесі

      1. Табысы аз адамдар;
      2. жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3. балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата–ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4. кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      6. зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7. мүгедектер;
      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Қүштері қатарынан босаған адамдар;
      9. бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10. оралмандар;
      11. техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер;
      12. жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14. терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді;
      15. 50 жастан асқан әйел адамдар, 55 жастан асқан ер адамдар;
      16. нашақорлыққа тәуелді адамдар, АИТВ жұқтырған азаматтар, туберкулез ауруынан жазылғандар;
      17. ұзақ уақыт (1 жылдан артық) жұмыс істемеген адамдар;
      18. отбасында бір де бір жұмысшы жоқ адамдар;
      19. еңбек өтілі жоқ адамдар.

Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Бородулихинского района

Постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 27 ноября 2014 года № 281. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 18 декабря 2014 года № 3581. Утратило силу постановлением акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 30 января 2015 года № 21

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 30.01.2015 № 21 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 14) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 5 и 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат Бородулихинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Определить Перечень целевых групп населения, проживающих на территории Бородулихинского района, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области" предусмотреть меры по содействию занятости целевых групп населения.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 27 марта 2014 года № 75 "Об определении целевых групп населения, проживающих на территории Бородулихинского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистраций нормативных правовых актов за № 3234, опубликованное в районной газете "Аудан тынысы" от 4 марта 2014 года № 18 (426), "Пульс района" от 4 марта 2014 года № 19 (6746)).
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Бородулихинского района Атаеву Р. А.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Г. Акулов

  Приложение
к постановлению акимата
Бородулихинского района
от 27 ноября 2014 года
№ 281

Перечень целевых групп населения, проживающих на территории
Бородулихинского района

      1. Малообеспеченные;
      2. молодежь в возрасте до двадцати одного года;
      3. воспитанники детских домов, дети–сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;
      4. одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;
      5. граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;
      6. лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);
      7. инвалиды;
      8. лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;
      9. лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;
      10. оралманы;
      11. выпускники организаций технического и профессионального образования, послесреднего, высшего и послевузовского образования;
      12. лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя - юридического лица либо прекращением деятельности работодателя - физического лица, сокращением численности или штата работников;
      13. лица, состоящие на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;
      14. лица, потерпевшие от акта терроризма, и лица, участвовавшие в его пресечении;
      15. женщины старше 50 лет, мужчины старше 55 лет;
      16. лица наркозависимые, ВИЧ инфицированные граждане, вылеченные больные туберкулезом;
      17. лица, длительное время (более года) не имеющие работы;
      18. лица, из семей, где нет ни одного работающего;
      19. лица, не имеющие стажа работы.