Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының әкімдігінің 27.11.2014 № 281 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31–бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5 және 7-баптарына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бородулиха ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарының Тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу шараларын қарастырсын.
3. «Халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 227 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-8-142 тіркелген, аудандық «Аудан тынысы» газетінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 7 (198) санында жарияланған) қаулысының, «2011 жылғы 23 желтоқсандағы «Халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекiту туралы» әкімдіктің № 227 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 510 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2728 тіркелген, аудандық «Пульс района» газетінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 13 (6631), «Аудан тынысы» газетінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 13 (313) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Бородулиха ауданы әкімінің орынбасары Р. А. Атаеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі |
Г. Акулов |
Бородулиха ауданы әкімдігінің |
Бородулиха ауданыны бойынша халықтың нысаналы топтарының
Тізбесі
1. Табысы аз адамдар;
2. жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
3. балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
4. кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
5. Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
6. зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
7. мүгедектер;
8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
9. бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10. оралмандар;
11. техникалық және кәсiптiк бiлiм беру, орта бiлiмнен кейiнгi және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру ұйымдарын бітірушілер;
12. жұмыс беруші - заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13. қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
14. 50 жастан асқан әйел адамдар, 55 жастан асқан ер адамдар;
15. нашақорлыққа тәуелді адамдар, АИТВ жұқтырған азаматтар, туберкулез ауруынан жазылғандар;
16. ұзақ уақыт (1 жылдан артық) жұмыс істемеген адамдар;
17. отбасында бір де бір жұмысшы жоқ адамдар;
18. еңбек өтілі жоқ адамдар жатады.