РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңның 1-бабы 37-тармағының 1).тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15).тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997.жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесін бекiту туралы" 2009 жылғы 30.желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3/3-V шешімге (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №.5-12-140 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырдағы "Көктас таңы" және "Пульс! Зыряновска" №.21 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы";
шешімнің және қосымшаның мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережеде" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидада" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) ұстау және коммуналдық қызметтi тұтыну ақысының рұқсат етiлген шектi шығын үлесi отбасының жиынтық табысының 11 % мөлшерiнде белгiленедi.";
5-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық (кенттік) әкімдердің анықтамасы;";
5-тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | С. Пантелеев |
Зырян ауданының | |
мәслихат хатшысы | Г. Денисова |