РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238–бабының 3–тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31–бабының 2–тармағына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және Зырян ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Е. Сәлімов |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Зырян ауданы мәслихатының | |
хатшысы | Г.Денисова |
18 04 2014 жыл
Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2417 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметші болып табылатын және Зырян ауданының ауылдық жерлерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:1) күтім бойынша әлеуметтік қызметкер;
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман.
2. Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:
1) мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын басшысы мен басшының орынбасары;
2) мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеменің және қазыналық кәсiпорынның басшысы;
3) кітапхана, интернат, шеберхана меңгерушісі;
4) барлық мамандықтар мұғалімдері;
5) аға тәрбиеші;
6) тәрбиеші;
7) шебер;
8) әдістемеші;
9) музыкалық жетекші;
10) көркемдік жетекші;
11) педагог-психолог;
12) логопед;
13) аға вожатый;
14) бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы;
15) педагог – ұйымдастырушы;
16) кітапханашы;
17) медбике;
18) әлеуметтік педагог;
19) қосымша білім педагогы;
20) үйірме жетекшісі;
21) жаттықтырушы;
22) хореограф;
23) нұсқаушы;
24) саз жетекшісі;
25) зертханашы.
3. Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:
1) ауылдық мәдениет мекемелерінің меңгерушілері;
2) ауылдық мәдениет мекемлерінің директорлары;
3) аға кітапханашы;
4) кітапханашы;
5) сүйемелдеуші;
6) мәдени-бос уақыт қызметі бойынша жұмысшы;
7) музыкалық оператор;
8) музыкалық жетекші;
9) мәдени ұйымдастырушы;
10) вокалдық топ жетекшісі;
11) хореограф;
12) бейнелеу студиясының жетекшісі;
13) студия жетекшісі;
14) үйірме жетекшісі;
15) топ жетекшісі;
16) концертмейстер;
17) бос уақыт ұйымдастырушы;
18) аға мәдени ұйымдастырушы;
19) жаппай шаралардың режиссері;
20) би ұжымының жетекшісі;
21) вокал студиясының жетекшісі;
22) хор жетекшісі;
23) дыбыс режиссері;
24) көркемөнерпаздар ұжымының жетекшісі;
25) халықтық ұжымының жетекшісі;
26) халықтық ансамблінің жетекшісі;
27) дыбыс операторы.