Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1-бабына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Зырян ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылғаны танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Зырян ауданы әкімі аппаратының басшысы С.С.Винивитинге жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Зырян ауданының әкімі | А.Кәрімов |
Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 9 қаулысына қосымша |
Зырян ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Зырян ауданының елді мекендеріндегі көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 25 мамырдағы № 5-12-83 тіркелген, 2009 жылғы 16 шілдедегі № 29 "Заря Востока" газетінде жарияланған).2. "Зырян ауданының елді мекендеріндегі көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 351 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі № 1780 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 6 мамырдағы № 2942 тіркелген, 2013 жылғы 16 мамырдағы № 19 "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінде жарияланған).
3. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 2417 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 13 мамырдағы № 3311 тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырдағы № 20 "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінде жарияланған).
4. ""Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 21 мамырдағы № 3962 тіркелген, 2015 жылғы 04 маусымдағы № 23 "Пульс! Зыряновска" және "Көктас таңы" газеттерінде жарияланған).