РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сәйкестендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 124-V Заңының талаптарына сәйкес келтірілуіне байланысты Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1609 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімдемесінде 2013 жылдың 23 қаңтарында № 2839 тіркелген, № 4 "Пульс Зыряновска" и "Көктас таңы" гезеттерінде 2013 жылдың 31 желтоқсанында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 2-тармағының, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саясатын қамтамасыз ету мақсатында Зырян ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Е. Сәлімов |