РҚАО-ның ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшаларына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саясатын қамтамасыз ету мақсатында Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы есебінен үш пайыз мөлшерінде Зырян ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасы белгіленсін.
2. "Кәсіпорындар мен ұйымдарда мүгедектер үшін жұмыс орындар квотасын белгілеу туралы" 2006 жылғы 14 ақпандағы № 2073 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2006 жылғы 10 наурыздағы № 5-12-24 тіркелген) Зырян ауданы әкімдігінің қаулысын күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Зырян ауданы әкімінің орынбасары Қ.Ш. Ерембесовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Е. Сәлімов |