РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 28.10.2014 № 27/200-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)тармақшасына, «Агро-өнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабы 8-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы №183 Қаулысының 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТI:
1. Ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіште тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит түрiндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 28.10.2014 № 27/200-V шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | Р. Өскембаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Д. Бралинов |