"Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына 2014 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы" Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 4 наурыздағы № 21/147-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 қазандағы № 27/200-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 3557 болып тіркелді. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 желтоқсандағы N 272 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды (Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық мәслихатының 25.12.2014 N 272 хаты).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Агро-өнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, 18-бабы 8-тармағына, «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысының 2-тармағына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТI:
      1. Катонқарағай аудандық мәслихатының «Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2014 жылғы 4 наурыздағы № 21/147-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3208 нөмірімен тіркелген, 2014 жылы 9 сәуірдегі № 27 (7717) «Арай» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      «Катонқарағай ауданының ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы»;
        1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Ауданның ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2014 жылы жетпіс еселік айлық есептік көрсеткіште тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттiк кредит түрiндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.».
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихаттың хатшысы

Д. Бралинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады