Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 21-6 шешімімен (
алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесі бекіту туралы" Күршім аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 11 шілдеде № 5-14-130 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі № 56 "Рауан", 2011 жылғы 16 шілдедегі № 56 "Заря" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы";
шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережесін", "Ережеде", "Ережеге", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағидасын", "Қағидалар", "Қағидаға", "Қағиданың", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
осы шешіммен бекітілген, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасында:
11 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;".
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы |
Ж. Әзімбаев |
Күршім аудандық |
|
мәслихаттың хатшысы |
Қ. Әбілмәжінов |