Күршім аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі N 17-7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 мамырда N 3319 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 21-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 21-6 шешімімен ( алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 1 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесі бекіту туралы" Күршім аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 11 шілдеде № 5-14-130 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 шілдедегі № 56 "Рауан", 2011 жылғы 16 шілдедегі № 56 "Заря" аудандық газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы";
      шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережесін", "Ережеде", "Ережеге", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағидасын", "Қағидалар", "Қағидаға", "Қағиданың", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      осы шешіммен бекітілген, аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасында:
      11 тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;".
      2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Сессия төрағасы

Ж. Әзімбаев

      Күршім аудандық


      мәслихаттың хатшысы

Қ. Әбілмәжінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады