Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2011 жылғы 20 маусымдағы N 28-8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 11 шілдеде N 5-14-130 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 21-6 шешімімен

         Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 23.12.2014 N 21-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 18.04.2014 № 17-7 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Ескерту. Шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережесін", "Ережеде", "Ережеге", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағидасын", "Қағидалар", "Қағидаға", "Қағиданың", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 18.04.2014 № 17-7 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасы бекiтiлсiн.
      2. Күштерi жойылды деп танылсын:
      Күршім аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 5-4 "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылғы 7 мамырда № 5-14-67 санымен тіркелген, 2008 жылдың 7 маусымында аудандық "Рауан" газетінің № 23 санында жарияланған) шешімі;
      Күршім аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 шілдедегі № 15-13 "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 5-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 7 тамызда № 5-14-89 санымен тіркелген, 2009 жылдың 29 тамызында аудандық "Рауан" газетінің № 35 санында жарияланған) шешімі;
      Күршім аудандық мәслихатының 2009 жылғы 29 қазандағы № 16-8 "Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 5-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2009 жылғы 19 қарашада № 5-14-97 санымен тіркелген, 2009 жылдың 5 желтоқсанында аудандық "Рауан" газетінің № 49 санында жарияланған) шешімі.
      3. Осы шешім ол алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Сессия төрағасы

С. Ақанов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы

Қ. Әбілмәжінов


       Күршім аудандық мәслихатының 
2011 жылғы 20 маусымдағы № 28-8
шешімімен бекітілген     

Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Қағидасы

1. Жалпы ережелері

      1. Осы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 Заңына, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512, "Тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматының) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне пайызбен қатынасы;
      2) отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрiлген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кiрiстерiнiң жалпы сомасы;
      3) кондоминиум объектiсiн басқару органы - кондоминиум объектiсiн басқару жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      4) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы;
      5) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуды есептеудiң үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтердi төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешiмiмен белгiленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетiн үй-жайлардың (пәтерлердiң) меншiк иелерi шығыстарының мiндеттi сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн немесе оның жекелеген түрлерiн күрделi жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
      6) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегiн алуға құқығы бар адамдар.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 10.04.2012 № 2-11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Тұрғын үй көмегі - сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иесі немесе оның жалдаушысы (жалгері) болып табылатын азаматтарға (отбасыларға) көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір түрі болып табылады.
      4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 15 пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді.
      5. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
       РҚАО-ның ескертпесі!
      4)-тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін 26.04.2013 N 10-5 мәслихат шешімінің 2-т. қараңыз.
      4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 26.04.2013 № 10-5 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз).
      6. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 26.04.2013 № 10-5 шешімімен (01.07.2012 бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 дейін қолданыста болады).

2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

      7. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын ауданды ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары, осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
      8. Тұрғын үй көмегін алушылар өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес құжаттарды қоса берумен тоқсан сайын өтініш береді.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 26.04.2013 № 10-5 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 22.07.2014 № 18-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      9. Тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ отбасылар:
      1) жеке меншігінде бір бірліктен артық үй-жайы (пәтер, үй) бар немесе тұрғын үй-жайды жалға беретіндердің;
      2) отбасы құрамында жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын, әскер қатарында жоқ, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелмеген жұмысқа жарамды адамдары бар отбасылар:
      бірінші, екінші топтағы мүгедектерден және 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың күтімімен айналысатындар, 80 жастан асқандарды күтетіндерден;
      үш жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын аналар, сонымен қатар төрт немесе одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған бала тәрбиесімен айналысатындардан басқа;
      3) отбасы құрамында заңды некеде тұратын адамы бар болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмегендердің (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемегендердің;
      4) егер ата-аналары ажырасқан болса, өздерімен бірге тұратын балаларына алимент өндіру туралы өтініш бермегендердің тұрғын үй көмегін алу құқықтары жоқ.
      10. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартқан және өз еркімен қоғамдық жұмысқа қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан жұмыссыздар тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға дейін айырылады.
      11. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгіленген.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 22.07.2014 № 18-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      12. Тұрғын үй көмегін алушылар өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының табысын растайтын құжаттарды, коммуналдық қызметтер жөніндегі түбіртектерді әр тоқсан сайын тапсырады.
      13. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады (Қағидаға қосымша).
      14. Электр жүйесімен, газбен, канализациямен, жылумен, қоқыс шығару, су құбырымен қамтамасыз ету және үй-жайды ұстау шығындары коммуналдық қызметтер туралы түбіртектер бойынша өтініш жасағанның алдындағы тоқсандағы орташа есеппен есептелінеді. Электр жүйесімен, газбен, канализациямен, жылумен, қоқыс шығару, су құбырымен қамтамасыз ету қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша алынады.
      15. Үйде орталықтандырылған жылу жүйесі болмаған жағдайда жылу және ыстық су ақыларының мөлшері электроэнергияға есептелген сомадан әлеуметтік нормаға сәйкес есептеледі.
      16. Жалғыз басты зейнеткерлерді, мүгедектерді, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлерді және мүгедектердің отбасыларын, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында, тұрғын үй көмегін есептегенде және құқығын анықтаған кезде, олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (шегеріледі).
      17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде келесі шектеулер есепке алынады:
      1) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтініш берушінің мекенжайы бойынша тағайындалады;
      2) өтініш берушінің үйінде 18 жасқа дейінгі бала тіркелген болса, ал ата-анасы басқа мекенжайда тіркелсе.
      18. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттарымен өтініш берген айдан бастап тағайындалады. Толық емес айға тұрғын үй көмегін алу құқығы туындаған кезде, тұрғын үй көмегі сол айдан кейінгі айдан бастап тағайындалады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін құжаттар ағымдағы тоқсанның соңғы айының 25-жұлдызына дейін қабылданады.
      19. Алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 22.07.2014 № 18-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      20. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде алынатын жәрдемақының мөлшеріне және тағайындау құқығына әсер ететін кез-келген өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлауы тиіс.

3. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      21. Тұрғын үй көмегінің мөлшері меншік иесінің (жалгердің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынғаны үшін төленген нақты және осы отбасының осы мақсаттарға арналған рұқсат етілген шекті шығындар мөлшері арасындағы айырымы ретінде есептеледі.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формуласы:
      П = ТҮТЕЖӘТ -(t x д),
      П - тұрғын үй көмегінің мөлшері;
      ТҮТЕЖӘТ - тұрғын үйге төленетін ең жоғарғы әлеуметтік төлем;
      t - тұрғын үй төлемінің нормативтік шығыны (= 15%);
      д - отбасының жиынтық табысы.

4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді пайдалану нормативтері

      22. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі әлеуметтік норма қолданылады:
      1) аудан нормасы:
      жалғыз тұратын азаматтар үшін - 30 ш.м.;
      2 адамнан тұратын отбасылар үшін - 30 ш.м.;
      3 немесе одан да көп адамдардан тұратын отбасылар үшін - әр адамға 15 ш.м., бірақ 38.5 ш.м. аспауы керек;
      2) көгілдір отын шығындарының нормасы - 8,2 кг;
      3) электр энергиясы жүйесін пайдалану нормасы бір адамға - 45 кВт.
      Тұрғын үйді қамтамасыз етуге қажетті су, жылу, қоқыс шығару шығыстарын пайдалану нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.

5. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасылардың) жиынтық табысын есептеу

      Ескерту. 5-тарау алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 10.07.2012 N 4-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

6. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі

      29. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй-жайларда тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) арналған тұрғын үй көмегі тұрғын үйдің меншік иесіне, егер тұрғын үйді жалға алу шарты болса жалдаушыларға беріледі.
      30. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын, жеке меншік үй-жайларда тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үй-жайдың тұрғын ауданының 1 шаршы метріне 129,8 кг., алайда бір үйге 5000 кг. мөлшерінен аспайтын көмір шығынының әлеуметтік нормасы есептеледі.
      31. Көмір құнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (наурыз, маусым, қыркүйек желтоқсан).
      32. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
      33. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
      34. Тұрғын үй көмегін есептеген кезде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының орташа табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға есептеледі.
      35. Бір үйдің бірнеше иесі болған жағдайда, онда тұрғын үй көмегі әр үй иесіне (отбасына) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына алып отырған ауданына байланысты сайма - сай бөлінеді.

7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу

      36. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаттарының есебінен беріледі және ақшалай төлем түрінде тағайындалады.
      37. Тұрғын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептеу жолымен екінші деңгейдегі банкілер арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты "ШҚО Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ және екінші деңгейдегі банкілер жасаған агенттік келісімімен белгіленеді.
      38. Тағайындалған соммалар алушылардың жеке шоттарына қаржының түсу мүмкіндігіне байланысты аударылады, бірақ қаржы түскен мерзімнен бір айдан артық кешіктірмей төленеді.

      Аз қамтамасыз етілген  
отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін көрсетудің
мөлшері мен тәртібін   
белгілеу Қағидасына   
қосымша          

      Тағайындалған тұрғын үй көмегінің мөлшері жөніндегі
      № _______ШЕШІМ (көшірмесі)
      20__ жылғы "___"______________________істің № ___________

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 22.07.2014 № 18-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
       1. Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық
      қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы
      Қағидаға сәйкес тағайындалсын
       ТЕГІ______________________________________________________
       АТЫ_______________________________________________________
       ӘКЕСІНІҢ АТЫ______________________________________________
       Отбасы мүшелерінің саны___________________________________
       Туған күні __________________________Жынысы_______________
       Тұрғылықты жердің мекен жайы (нақты)______________________
       Жеке куәлігінің №__________ _____ жылғы "___"_____________
       Берген жері_______________________________________________
       Салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН) _____________________
       Өтініш жасаған уақыты ____________________________________
       Төленетін тұрғын үй көмегінің мөлшері 20__жылғы "__"______
       "____"___________
       ____________________________________________________сомада
       (санмен және жазбаша сома)
       Қызмет көрсететін банкідегі жеке шоттың № _______________
       2. Тұрғын үй көмегін көрсетуге бас тартылсын_____________
       _________________________________________________________
       (себебі көрсетілсін)
       Бас маман ________________________________________(А.Ж.Т)
       Күршім аудандық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады