Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Күршім ауданы бойынша 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау үшін Күршім ауданы әкімінің орынбасары М.Ж. Қалеловқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім | |
ауданының әкімі | А.Сеитов |
| Күршім ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 09 қыркүйектегі № 3413 қаулысына қосымша |
2014 жылға Күршім ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға, мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері
Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге | Тәрбиеленушілер саны, адамдар | Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның құны, теңге | Бір айда ата-ананың ақы төлемінің орташа мөлшері, теңге | |||
балабақшалар | шағын орталықтар | балабақшалар | шағын орталықтар | балабақшалар | шағын орталықтар | |
18 027 | 13 069 | 155 | 335 | 18 027 | 13 069 | 4 600 |
Ескерту: Ата-ананың ақы төлемі балалардың нақты болуымен айына бір рет жүзеге асырылады.