Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 24.12.2014 N 30-4/2 шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 қаулысына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 24 сәуірінде 5-15-105 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 34-35 аудандық "Жұлдыз" - "Новая жизнь" газетiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы";
шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережелер", "Ережеде", "Ереженің", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидалар", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің Ережесінде:
5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган есептейді. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді.";
10 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
Е. Қойгельдин |
Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы |
Р. Беспаев |