Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 24.12.2014 N 30-4/2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Көкпекті аудандық мәслихатының 03.04.2014 № 22-6/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Ескерту. Шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", "Ереже", "Ережелер", "Ережеде", "Ереженің", "Ережесіне" деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидалар", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылды - Көкпекті аудандық мәслихатының 03.04.2014 № 22-6/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қосымша ұсынылған "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің Қағидасы" бекітілсін.
2. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу Ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 27 шілдедегі № 24-5/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5-15-72 болып тіркелген, "Жұлдыз" газетінің 2010 жылғы 18 қыркүйегіндегі № 37 санында жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы |
О. Карканица |
Мәслихат хатшысы |
Р. Беспаев |
Көкпекті аудандық мәслихатының |
Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің Қағидасы
Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
шекті жол берілетін шығыстар үлесі- телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
кондоминиум объектісін басқару органы- кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқару органы;
тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп – ұстауға, коммуникалдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп – ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй - жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай - ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.
2.Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі мен мөлшері
2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) алынып тасталды - Көкпекті аудандық мәслихатының 26.12.2013 № 21-5/1 шешімімен.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Көкпекті аудандық мәслихатының 01.03.2013 № 11-3/1 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Көкпекті аудандық мәслихатының 26.12.2013 № 21-5/1 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
3. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
4. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Көкпекті аудандық мәслихатының 01.03.2013 № 11-3/1 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен.
5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган есептейді. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Көкпекті аудандық мәслихатының 03.04.2014 № 22-6/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
6. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер уәкiлеттi органға табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген коммуналдық қызметтерге тарифтердi, олардың өзгерiстерiн ұсынады. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде қызмет көрсетушiлермен ұсынылған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтiк нормалары шегiнде есепке алынады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Көкпекті аудандық мәслихатының 01.03.2013 № 11-3/1 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен.
3.Тұрғын үй көмегін берудің шарты
7. Тұрғын үй көмегін алуға келесі отбасылардың құқылары жоқ:
1) жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үй – жайларын жалға берген;
2) құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органда тіркелмеген тұлғалары бар, келесі тұлғаларды қоспағанда;
бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды, сексен жастан асқан тұлғаларды күтетін тұлғалар;
мүгедектік тобы анықталмаған, туберкулез, онкологиялық диспансерлерде тіркеуде тұрған тұлғалар;
жеті жасқа дейiнгі бала күтіп отырған және 18 жасқа дейінгі 4 немесе одан көп бала тәрбиелеп отырған аналар;
50 жасқа толғандар;
3) құрамында заңды некеде тұрған, бiрақ жұбайының тұрғылықты жерiн бiлмейтiн (көрсетпейтiн) және осы мәселе бойынша құқық қорғау органдарына өтiнiш жасамаған тұлғалары бар.
8. Ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсiз себептермен бас тартқан, өз еркiмен қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқан отбасының жұмыссыз мүшелерi тұрғын үй көмегiн алу құқығынан алты айға айырылады.
9. Тұрғын үй көмегiн алуға алғашқы рет өтініш білдірген және өтініш білдіру кезінде коммуналдық қызметтер төлемақысы бойынша берешектері бар отбасыларға тұрғын үй көмегі коммуналдық қызмет ұсынушының тарифтері бойынша берешегіне қарамастан тағайындалады.
10. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп - ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
9) алынып тасталды - Көкпекті аудандық мәслихатының 26.12.2013 № 21-5/1 шешімімен.
Ескерту. 10-тармаққа өзгерістер енгізілді - Көкпекті аудандық мәслихатының 01.03.2013 № 11-3/1 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз); 26.12.2013 № 21-5/1 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.04.2014 № 22-6/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
11. Тұрғын үй алушылар тоқсан сайын отбасының кірісін растайтын құжаттар, өтініш берілген тоқсан алдындағы тоқсандағы коммуналдық қызметті тұтынуға шот түбіртегін ұсынады. Тұрғын үй көмегі тағайындалған айдан бастап коммуналдық қызметтің ағымдағы төлемақыларын тұрақты төлеген жағдайда тағайындалады.
12. Уәкiлеттi органның шешiмi тұрғын үй көмегiн берудің негiзі болып табылады.
13. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге, лифттерге қызмет көрсетуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.
Ескерту. 13-тармақ тармақ жаңа редакцияда - Көкпекті аудандық мәслихатының 01.03.2013 № 11-3/1 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) шешімімен; өзгеріс енгізілді - Көкпекті аудандық мәслихатының 26.12.2013 № 21-5/1 (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
14. Халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына телекоммуникация қызметін көрсетуге абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуіне өтемақы көлемі әрекеттегі абоненттік төлемақы және 2004 жылғы қыркүйек айындағы әрекет еткен абоненттік төлемақы арасындағы айырмашылық ретінде анықталады.
15. Коммуналдық қызмет тұтынуды есептейтін қондырғылары бар тұтынушылар үшін есептеуге қолданылатын шығындар есептеу қондырғыларының көрсеткіштері негізінде қызметтер толық көлемде көрсетілген, алдыңғы немесе соңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша анықталады.
16. Тұрғын үйлерде орталықтандырылған жылу беру жүйесі болмаған жағдайда жылу беру және ыстық сумен қамтамасыз етуге төлемақы мөлшері әлеуметтік нормаларға сәйкес электр қуатына аударылған сомадан есептеледі.
17. Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі шарттар қолданылады:
1) өтініш иесі заңды некеде болса, бірақ зайыбы берілген мекен-жайы бойынша тіркелмеген – зайыптылардың екеуінің де кірісі есептеледі және тұрғын үй көмегі туралы өтініш берушінің мекен-жайы бойынша тағайындалады;
2) өтініш берушінің үйінде 18 жасқа толмаған бала тіркелген, ата- аналары басқа жерде тіркелген.
18. Тұрғын үй көмегі барлық қажетті құжаттарымен қоса өтініш берілген айдан бастап тағайындалады.
19. Екінші рет тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш білдірілген жағдайда тұрғын үй көмегі құжаттардың ұсынылу уақытына қарамастан бір тоқсанға тағайындалады. Егерде ағымдағы тоқсанда құжаттар ұсынылмаса тұрғын үй көмегін тағайындау өтішін білдірілген айдан бастап аударылады.
20. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде алынатын жәрдемақының мөлшеріне және тағайындау құқығына әсер ететін кез келген өзгерістер туралы уәкілетті органға хабарлауы тиіс.
21. Өтініш иесі негізсіз тұрғын үй көмегін тағайындауға әкеліп соқтырған жалған мәліметті уәкілетті органға ұсынған жағдайда, алынған соманы өз бетімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда- Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіппен қайтарылады.
4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері және тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері
22. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі нормалар есепке алынады:
1) аудан нормалары:
жалғыз басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр;
екі адамнан тұратын отбасы үшін – 45 шаршы метр;
үш адамнан тұратын отбасы үшін – 55 шаршы метр;
төрт немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін – әр адамға 15 шаршы метрден, бірақ 60 шаршы метрден аспауы қажет;
2) тұрғын үйді ұстау шығындарының нормасы – 1 шаршы метрге 50 теңге;
3) бір айдағы бір адамға газ шығыны – 6,5 кг;
4) электр энергиясын тұтыну нормасы:
1 адам тұрған жағдайда – 90 кВт;
1 адамнан көп адам тұрған жағдайда - әр адамға 45 кВт, барлығы 300 кВт аспау керек;
5) сумен жабдықтау нормасы:
сутартқы құдығынан суды пайданалатын тұрғын үйлер:
1 адамға суды шығындау тәулігіне 25 литр;
6) тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 шаршы метріне көмірдің шығыны - 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг артық емес.
5. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну тәртібі
23. Өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына тұрғын үй көмегі жылыту мерзімінде ұсынылады.
24. Көмір құнын есептеу үшін қала бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдайымен алынған ақпарат қолданылады (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).
25. Жергілікті жылу жүйесімен жылытылатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданылатын басқа отын түрлерінің құны мен шығын нормасы, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына балама ретінде есептеледі.
26. Көмір сатып алудың маусымдылығына байланысты тұрғын үй көмегін есептеген кезде тұрғын үйге арналған көмір шығынының барлық әлеуметтік нормасы өтініш берілген тоқсандағы үш ай үшін бір рет есептеледі.
6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру және төлеу
27. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен беріледі және ақшалай төлем түрінде тағайындалады.
28. Тұрғын үй көмегін төлеу азаматтардың салымы бойынша шоттарына аудару жолымен екінші деңгейдегі банкілер арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі "ШҚО Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ және тиісті екінші деңгейдегі банкілер арасында жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.