РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 9 бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Көкпекті аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3290 тіркелген, 2014 жылғы 25 мамырында № 43 аудандық "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетiнде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Көкпекті аудандық мәслихатының регламентінің 20 тармағы келесі редакцияда жазылсын:
"20. Мәслихаттың нормативтік құқықтық шешімдері Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Әділет Департаментіне тіркелуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жариялануға тиіс.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Е. Сихварт |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | Р. Беспаев |