Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі "Көкпекті аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" № 22-6/2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3290 тіркелген, "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінің 2014 жылғы 25 мамырдағы № 43 жарияланған) шешімінің, Көкпекті аудандық мәслихатының 2015 жылғы 14 шілдедегі "Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/2 "Көкпекті аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3483 тіркелген, "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінің 2014 жылғы 21 қыркүйектегі № 76 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы | Г. Шаймарданова |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | Т. Сарманов |