Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі N 21-13 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 тамызда N 3459 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 2 шілдедегі № 27-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 02.07.2018 № 27-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 504 қаулысына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидалары бекiтілсін.
      2. Күші жойылды деп танылсын:
      1) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі № 4-5 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2634 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 20 тамыздағы № 71 "Тарбағатай" газетінде жарияланған) шешімі;
      2) Тарбағатай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 17 шілдедегі № 14-9 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 13 шілдедегі №4-5 шешімге өзгеріс енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3033 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 9 қыркүйектегі № 75 "Тарбағатай" газетінде жарияланған) шешімі;
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы Ж.Бұзаубаев
      Тарбағатай аудандық
      мәслихаттың хатшысы М.Мағжаев

  Тарбағатай аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 22 шілдедегі
№ 21-13 шешімімен бекітілді

Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында (бұдан әрі – Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
      1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани және мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесi;
      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      8) уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Тарбағатай аудандық бөлімшесі;
      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін ауылдық округі әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшiн әлеуметтiк көмек Тарбағатай ауданының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi – алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай нысанда көрсететiн көмек түсiнiледi.
      3. Осы Қағидалар Тарбағатай ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.
      4. Біржолғы әлеуметтік көмек жылына бір рет көрсетіледі.
      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесі:
      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      2) кәмелетке толмағандардың бақылаусыз, сонымен қатар әумесерлік мінезді;
      3) туғанынан үш жасқа дейін балалардың ерте психикалық дамуының шектеулі мүмкіндігі бар;
      4) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;
      5) әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдар;
      6) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;
      7) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған адамдар;
      8) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);
      9) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;
      10) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      11) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан зиян алған адамдар;
      12) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар).
      7. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшерінде белгіленсін.
      8. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi. Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
      9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні - 15 ақпан - басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға - 65000 (алпыс бес мың) теңге;
      2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:
      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға; төрт және одан асқан бірге тұратын кәмелетке толмаған,соның ішінде жалпы білім беретін орта мектептерде,күндізгі оқыту нысанында жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында оқитын, кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын аяқтаған мерзімге дейін, бірақ 23 жастан аспайтын жасқа дейінгі балалары бар көп балалы отбасыларға - 10 000 (он мың) теңге;
      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:
      1986 - 1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 65 000 (алпыс бес мың) теңге;
      4) Жеңіс күні - 9 мамыр:
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 210 000 (екі жүз он мың) теңге;
      Қайталап некеге отырмаған қаза тапқан Ұлы Отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларының зайыптарына – 60 000 (алпыс мың) теңге;
      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталғандарға –30 000 (отыз мың) теңге;
      Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға – 24 000 (жиырма төрт мың) теңге;
      5) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз:
      16 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған тұлғаларға - 5000 (бес мың) теңге.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 18.03.2015 № 25-8 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      10. Атаулы күндер мен мейрам күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей, уәкілетті ұйымның не өзгеде ұйымдардың ұсынымы бойынша Тарбағатай ауданының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.
      11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
      1) жеке басын куәландыратын құжатты;
      2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;
      3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына" 1 қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
      4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.
      Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.
      12. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      14. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларына" 2, 3 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.
      15. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсету үшін ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
      16. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
      17. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
      18. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
      19. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсетудің қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Осы Қағидалардың 15 және 16 тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      20. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
      21. Белгіленген негіздемелердің бірі бойынша әлеуметтік көмек бір күнтізбелік жыл ішінде қайта көрсетілмейді.
      22. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:
      1) өтiнiш берушiлер ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған; өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
      2) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн аудандық мәслихат белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      23. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру жергілікті бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін
негіздемелер

      24. Әлеуметтік көмек:
      1) алушы қайтыс болғанда;
      2) алушы Тарбағатай ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген:
      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.
      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      25. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіпте қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      26. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан

Решение маслихата Тарбагатайского района Восточно-Казахстанской области от 22 июля 2014 года N 21-13. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 18 августа 2014 года N 3459. Утратило силу решением Тарбагатайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 2 июля 2018 года № 27-6

      Сноска. Утратило силу - решением Тарбагатайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 02.07.2018 № 27-6 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
       Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 2-3 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" маслихат Тарбагатайский района РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан.
      2. Признать утратившими силу:
      1) решение Тарбагатайского районного маслихата от 13 июля 2012 года № 4-5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 2635, опубликовано 13 июля 2012 года в газете "Тарбагатай");
      2) решение Тарбагатайского районного маслихата от 17 июля 2013 года № 14-9 О внесении изменения в решение от 13 июля 2012 года за № 4-5 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 3033, опубликовано 9 сентября 2013 года в газете "Тарбагатай");
      3. Настоящее решения вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж.Бузаубаев
      СекретарьТарбагатайского
      районного маслихата М.Магжаев

  Утверждены решением
Тарбагатайского районного
маслихата от 22 июля 2014 г.
№ 21-13

Правила оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан
1. Общие положения

      1. Основные термины и понятия, которые используются в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан (далее – Правила):
      1) памятные даты – события, имеющие общенародное историческое, духовное, культурное значение и оказавшие влияние на ход истории Республики Казахстан;
      2) специальная комиссия – комиссия, создаваемая решением акима Тарбагатайского района рассмотрению заявления лица (семьи), претендующего на оказание социальной помощи в связи с наступлением трудной жизненной ситуации;
      3) прожиточный минимум – необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины, рассчитываемой органами статистики Восточно-Казахстанской области,
      4) праздничные дни – дни национальных и государственных праздников Республики Казахстан;
      5) среднедушевой доход семьи (гражданина) – доля совокупного дохода семьи, приходящаяся на каждого члена семьи в месяц;
      6) трудная жизненная ситуация – ситуация, объективно нарушающая жизнедеятельность гражданина, которую он не может преодолеть самостоятельно;
      7) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Тарбагатайского района", финансируемое за счет местного бюджета, осуществляющее оказание социальной помощи;
      8) уполномоченная организация – Тарбагатайское районное отделение Восточно-Казахстанского областного филиала Республиканского государственного казенного предприятия "Государственный центр по выплате пенсий Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан";
      9) участковая комиссия – комиссия, создаваемая решением акима на территории соответствующих административно-территориальных единиц для проведения обследования материального положения лиц (семей), обратившихся за социальной помощью и подготовки заключений;
      10) предельный размер – утвержденный максимальный размер социальной помощи.
      2. Для целей настоящих Правил под социальной помощью понимается помощь, предоставляемая местным исполнительным органом Тарбагатайского района (далее – МИО) в денежной форме отдельным категориям нуждающихся граждан (далее – получатели) в случае наступления трудной жизненной ситуации, а также к памятным датам и праздничным дням.
      3. Настоящие Правила распространяются на лиц, зарегистрированных на территории Тарбагатайского района.
      4. Социальная помощь предоставляется единовременно один раз в год.
      5. Участковые и специальные комиссии осуществляют свою деятельность на основании положений, утверждаемых акиматом Восточно-Казахстанской области.

2. Порядок определения перечня категорий получателей социальной помощи, установления размеров социальной помощи и порога среднедушевого дохода

      6. Перечень категорий получателей социальной помощи:
      1) дети сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;
      2) безнадзорные несовершеннолетние, в том числе с девиантным поведением;
      3) дети от рождения до трех лет с ограниченными возможностями раннего психофизического развития;
      4) лица, со стойкими нарушениями функций организма, обусловленные физическими и (или) умственными возможностями;
      5) лица, имеющие социально значимые заболевания и заболевания, представляющие опасность для окружающих;
      6) лица неспособные к самообслуживанию, в связи с преклонным возрастом, вследствие перенесенной болезни и (или) инвалидности;
      7) лица, подвергшиеся жестокому обращению, приведшее к социальной дезадаптации и социальной депривации;
      8) бездомные (лица без определенного места жительства);
      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы;
      10) лица, находящиеся на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции.
      11) лица, получившие ущерб вследствие стихийного бедствия или пожара;
      12) лица (семьи), со среднедушевым доходом семьи, за квартал, предшествующий кварталу обращению, не превышающим установленного порога;
      7. Установить порог среднедушевого дохода лица (семье) в размере однократной величины к прожиточному минимуму.
      8. Размер оказываемой социальной помощи в каждом отдельном случае определяет специальная комиссия и указывает его в заключении о необходимости оказания социальной помощи. Предельный размер социальной помощи составляет 100 месячных расчетных показателей.
      9. Единовременная социальная помощь к памятным датам и праздничным дням предоставляется следующим категориям граждан:
      1) День вывода войск с территории Афганистана, день памяти воинов-интернационалистов – 15 февраля – участникам боевых действий на территории других государств – 65 000 (шестьдесят пять тысяч) тенге;
      2) Международный женский день – 8 марта:
      многодетным матерям, награжденным подвеской "Алтын алқа", "Күміс алқа", орденами "Материнская слава" I и II степени или ранее получившим звание "Мать-героиня"; многодетным семьям, имеющих четырех и более совместно проживающих несовершеннолетних детей, в том числе детей, обучающихся по очной форме в организациях среднего общеобразовательных, в высших и средних профессиональных учебных заведениях по очной форме обучения, после достижения ими совершеннолетия- до времени окончания ими учебных заведений, но не более чем до достижения 23-летнего возраста; – 10 000 (десять тысяч) тенге;
      3) Международный день Памяти жертв радиационных аварий и катастроф – 26 апреля:
      лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской АЭС в 1986-1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавшим непосредственно в ядерных испытаниях и учениях – 65 000 (шестьдесят пять тысяч) тенге;
      4) День Победы – 9 мая:
      - инвалидам и участникам Великой Отечественной войны– 210 000 (двести десять тысяч)тенге;
      - супругам инвалидов и участников, погибших во время Великой Отечественной войны, которые не вступили в повторный брак – 60 000 (шестьдесят тысяч) тенге;
      - награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за самоотверженный труд и безупречную воинскую службу в тылу в годы Великой Отечественной войны – 30 000 (тридцать тысяч) тенге;
      - лицам, приравненным по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны – 24 000 (двадцать четыре тысяч) тенге;
      5) День Конституции Республики Казахстан – 30 августа :
      лицам, воспитывающим ребенка – инвалида в возрасте до 16 лет – 5 000 (пять тысяч) тенге.
      Сноска. Пункт 9 - в редакции решения Тарбагатайского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 18.03.2015 № 25-8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Порядок оказания социальной помощи

      10. Социальная помощь к памятным датам и праздничным дням, оказывается по спискам, утверждаемым акиматом Тарбагатайского района по представлению уполномоченной организаций или других организаций, без истребования заявлений от получателей.
      11. Для получения социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации заявитель от себя или от имени семьи представляет в уполномоченный орган заявление с приложением следующих документов:
      1) документ, удостоверяющий личность;
      2) документ, подтверждающий регистрацию по постоянному месту жительства;
      3) сведения о составе лица (семьи) согласно приложению 1 к "Типовым Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан", утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504;
      4) сведения о доходах лица (членов семьи);
      5) акт и/или документ, подтверждающий наступление трудной жизненной ситуации;
      Лицами (семьями), находящимся в трудной жизненной ситуации, вследствие стихийного бедствия и пожара, заявление подается в течение трех месяцев со дня наступления события.
      12. Документы представляются в подлинниках и копиях для сверки, после чего подлинники документов возвращаются заявителю.
      13. При поступлении заявления на оказание социальной помощи при наступлении трудной жизненной ситуации уполномоченный орган в течение одного рабочего дня направляет документы заявителя в участковую комиссию для проведения обследования материального положения лица (семьи).
      14. Участковая комиссия в течение двух рабочих дней со дня получения документов проводит обследование заявителя, по результатам которого составляет акт о материальном положении лица (семьи), подготавливает заключение о нуждаемости лица (семьи) в социальной помощи по формам согласно приложениям 2, 3 к "Типовым Правилам оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 и направляет их в уполномоченный орган.
      15. В случае недостаточности документов для оказания социальной помощи, уполномоченный орган запрашивает в соответствующих органах сведения, необходимые для рассмотрения представленных для оказания социальной помощи документов.
      16. В случае невозможности представления заявителем необходимых документов в связи с их порчей, утерей, уполномоченный орган принимает решение об оказании социальной помощи на основании данных иных уполномоченных органов и организаций, имеющих соответствующие сведения.
      17. Уполномоченный орган в течение одного рабочего дня со дня поступления документов от участковой комиссии или акима села, сельского округа производит расчет среднедушевого дохода лица (семьи) в соответствии с законодательством Республики Казахстан и представляет полный пакет документов на рассмотрение специальной комиссии.
      18. Специальная комиссия в течение двух рабочих дней со дня поступления документов выносит заключение о необходимости оказания социальной помощи, при положительном заключении указывает размер социальной помощи.
      19. Уполномоченный орган в течение восьми рабочих дней со дня регистрации документов заявителя на оказание социальной помощи принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи на основании принятых документов и заключения специальной комиссии о необходимости оказания социальной помощи.
      В случаях, указанных в пунктах 15 и 16 настоящих Правил, уполномоченный орган принимает решение об оказании либо отказе в оказании социальной помощи в течение двадцати рабочих дней со дня принятия документов от заявителя.
      20. Уполномоченный орган письменно уведомляет заявителя о принятом решении (в случае отказа - с указанием основания) в течение трех рабочих дней со дня принятия решения.
      21. По одному из установленных оснований социальная помощь в течение одного календарного года повторно не оказывается.
      22. Отказ в оказании социальной помощи осуществляется в случаях:
      1) выявления недостоверных сведений, представленных заявителями;
      2) отказа, уклонения заявителя от проведения обследования материального положения лица (семьи);
      3) превышения размера среднедушевого дохода лица (семьи) установленного порога для оказания социальной помощи.
      23. Финансирование расходов на предоставление социальной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных местным бюджетом на текущий финансовый год.

4. Основания для прекращения и возврата предоставляемой социальной помощи

      24. Социальная помощь прекращается в случаях:
      1) смерти получателя;
      2) выезда получателя на постоянное проживание за пределы Тарбагатайского района;
      3) направления получателя на проживание в государственные медико-социальные учреждения;
      4) выявления недостоверных сведений, представленных заявителем.
      5) Выплата социальной помощи прекращается с месяца наступления указанных обстоятельств.
      25. Излишне выплаченные суммы подлежат возврату в добровольном или ином установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

5. Заключительное положение

      26. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченый орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес".