Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 шілдедегі N 4-5 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 06 тамызда N 2635 тіркелді. Күші жойылды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 шілдедегі N 21-13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 22.07.2014 N 21-13 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған

      «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі Заңының 56789 баптарына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 2 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жеке тұлғалардың санаттарымен мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына айқындалсын:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушыларға теңестірілген өзге санаттағы тұлғалар;
      4) зейнеттік жасындағылар, сонымен қатар ең төменгі зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер, жалғыз басты зейнеткерлер;
      5) мүгедектер, соның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар;
      6) саяси қуғын-сүргін құрбандары;
      7) «Алтын алқа» «Күміс алқа» белгілерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және I, II дәрежелі «Ана Даңқы» орденімен марапатталған көп балалы аналар;
      8) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);
      9) балалар, оның ішінде жетім балалар, ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар, балалар үйінің түлектері сондай-ақ аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;
      10) жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар (азаматтар);
      11) онкологиялық аурулар және туберкулездің түрлі түрлерімен ауыратын азаматтар;
      12) өмірдің қиын жағдайына ұшыраған азаматтар (өрт, дүлей апат,).
      2. Әлеуметтік көмек алу үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына мынадай қажетті құжаттар тізбесі айқындалсын:
      1) әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжат;
      3) тұрғылықты жердің тіркеуін дәлелдейтін құжат;
      4) алынып тасталды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 17.07.2013 N 14-9 шешімімен;
      5) отбасы мүшелерінің табысы туралы мәліметтер;
      6) өтініш берушінің мәртебесін растайтын құжат;
      7) тиісті уәкілетті органмен берілетін, өмірдің қиын (төтенше) жағдайларына душар болғанын растайтын акт немесе құжат;
      8) қаржылық шығынды немесе алдағы қаржылық шығындарды растайтын құжаттар немесе өмірлік көрсеткіштері бойынша басқада құзырлы органдардың жолдамасы;
      9) туберкулезбен ауыратын аурулардың мәртебесі туберкулезге қарсы диспансердің анықтамасымен расталады.
      Құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері тапсырылады, салыстырудан кейін түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Тарбағатай аудандық мәслихатының 17.07.2013 N 14-9 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткеннен соң кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      Сессия төрағасы                            Т. Байдиндаев

      Тарбағатай аудандық
      мәслихатының хатшысы                       М. Мағжаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады