РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 Қылмыстық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Ұлан ауданында қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасын өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Д. Қажановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлан ауданының әкімі | А. Садыков |
Ұлан ауданы әкімдігінің 2014 ж. " 5 " наурыз № 433 қаулысына қосымша |
Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасын өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері
1. Аумақтың мұзын тазалау.2. Аумақтың қарын тазалау.
3. Аумақтың қоқысын тазалау.
4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
5. Аумақтың арамшөбін тазалау.
6. Жас бұтақтарды кесу.
7. Ағаштарды кесу.
8. Ағаштарды ағарту.
9. Ағаш отырғызу.
10. . Гүлзарларды бөлу.
11. . Көгалдарды қолмен қазу.
12. . Шөп шабу.
13. . Ғимараттарды ағарту.
14. . Ғимараттарды сырлау.
Ұлан ауданы әкімінің | |
аппарат басшысы | Н. Абдыкаримов |