Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазаны өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 05 наурыздағы N 433 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 07 сәуірде N 3219 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 02 желтоқсандағы N 900 қаулысымен

       Сноска. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 02.12.2014 N 900 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 Қылмыстық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексінің 30-бабының 1-тармағына сәйкес, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Ұлан ауданында қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасын өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасары Д. Қажановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі А. Садыков

  Ұлан ауданы әкімдігінің
2014 ж. " 5 " наурыз
№ 433 қаулысына қосымша

Қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жазасын өтеуге сотталған тұлғаларға арналған қоғамдық жұмыстардың түрлері

      1. Аумақтың мұзын тазалау.
      2. Аумақтың қарын тазалау.
      3. Аумақтың қоқысын тазалау.
      4. Аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалау.
      5. Аумақтың арамшөбін тазалау.
      6. Жас бұтақтарды кесу.
      7. Ағаштарды кесу.
      8. Ағаштарды ағарту.
      9. Ағаш отырғызу.
      10. . Гүлзарларды бөлу.
      11. . Көгалдарды қолмен қазу.
      12. . Шөп шабу.
      13. . Ғимараттарды ағарту.
      14. . Ғимараттарды сырлау.

      Ұлан ауданы әкімінің
      аппарат басшысы Н. Абдыкаримов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады