РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Қаратал ауылдық округінің Бекет ауылында мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы М. Доскеевке шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның "Үржар Вет" мал дәрігері Б. Кәріпжановқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратал ауылдық округінің әкімі | Қ. Ноғаев |
Келісілді:
Қазақстан Республикасы ауыл | |
шаруашылық Министрлігі | |
ветеринариялық бақылау және | |
қадағалау комитетінің Үржар | |
аудандық аумақтық инспекциясының | |
мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық | |
инспекторы | М. Доскеев |
" 30 " маусым 2014 ж.
Мемлекеттік коммуналдық | |
кәсіпорынның "Үржар Вет" | |
мал дәрігері | Б. Кәріпжанов |
" 30 " маусым 2014 ж.