Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8-тармақшасын басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 30 наурыздағы № 80 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Қаратал ауылдық округінің Бекет ауылында мүйізді ұсақ малдарының бруцеллез ауруынан сауығуына байланысты, шектеу-іс шаралары тоқтатылсын.
2. Күші жойылды деп есептелсін:
1) Қаратал ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 6 шешімі "Қаратал ауылдық округінің Бекет ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылдың 01 тамыздағы № 3429, аудандық "Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 98-99 санында жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
Қаратал ауылдық | |
округінің әкімі | Қ.Ноғаев |