Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |
2014 жылғы 27 мамырдағы № 126 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген |
"Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.2. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Сарайшық көшесі, № 44/2 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
15. Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.
2) жұмыс берушілер ұсынған ұжымдық шарттардың мониторингін жүзеге асыру;
3) өндірістік жарақаттанудың, кәсіптік аурулардың, кәсіптік уланулардың себептеріне талдау жүргізу және олардың профилактикасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
4) өндірістегі жазатайым оқиғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тергеп - тексеру;
5) басшы қызметкерлердің және жұмыс берушілерде еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың білімін тексеруді жүргізу;
6) өндірістік мақсаттағы объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау комиссиясының құрамына қатысу;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау нормативтерін жетілдіру мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өкілетті өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;
8) қызметкерлердің, жұмыс берушілер мен олардың өкілдерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау;
9) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау мониторингін жүзеге асыру;
10) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға еңбекті қорғау және еңбек қауiпсiздiгі жөніндегі ақпараттық жүйе базасында кезеңдік есептерді, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгі және еңбектi қорғау жай-күйі мониторингінің нәтижелерін ұсыну;
11) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға еңбек қатынастары бойынша қажетті ақпаратты беру;
12) "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамаларымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің деректер қорының толықтырылуына мониторинг ұйымдастыру;
2) жоспардан тыс тексерулер жүргізу арқылы еңбек заңнамасы нормаларын қолдану мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін белгіленген тәртіппен қарау;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу;
4) жоғары тұрған органдар тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету, кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамаларында қарастырылған басқа да функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 16 тармаққа өзгерістер енгізілді - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 05.10.2015 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі);09.02.2016 № 27 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) тиісті хат-хабар алмасуды жүргізу, өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу;
2) өз құзыретіндегі мәселелер бойынша басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру және олардан қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрату және алу;
3) белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы бойынша тексерулер мен өзге де мемлекеттік бақылау түрлерін жүзеге асыру;
4) "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелерді талқылау бойынша комиссиялар мен жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
5) белгіленген тәртіппен уәкілетті жергілікті атқарушы органдардан, жұмыс берушілерден (заңды тұлғалардан), жеке тұлғалардан, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардан талдау жұмысын қамтамасыз ету және "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті, ақпараттық сипаттағы құжаттар мен анықтамаларды сұрату және алу;
6) "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдау;
7) өзіне берілген мүлікті басқару;
8) Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
9) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өтініштерін уақтылы қарау;
10) еңбек заңнамасының бұзылуына алып келетін себептер мен жағдайларды анықтау, оларды жою және бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру бойынша ұсынымдар беру;
11) еңбек заңнамасын бұзу себептерін жинақтау, талдау және қорыту, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейтуге бағытталған іс-шараларды іске асыру бойынша шараларды әзірлеуге және қабылдауға қатысу;
12) еңбек міндеттерін орындаумен байланысты белгілі болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жарияламау;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы"
мемлекеттік мекемесіның қызметін ұйымдастыру
18. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.19. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
21. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
2) "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысы орынбасарларының және бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
3) сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
4) "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
6) "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі атынан өкілдік етеді;
9) "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы гендерлік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;
10) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;
11) "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалардың жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
12) Қазақстан Республикасның заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
23. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
4. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі
24. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
25. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.