"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылғы 27 мамырдағы № 126 "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3560 тіркелген, 2014 жылғы 10 шілдедегі "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережесінде 16-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тексерулер жүргізу;".
2. "Батыс Қазақстан облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ж.А. Асантаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.М. Мәкенге жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Ноғаев |